конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Білім және ғылым Бүгін 15:05 117
 Грант иегерлерінің тізімі жарияланды

2026–2027 оқу жылына арналған білім беру гранттарының иегерлері анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Грант конкурсына қатысу үшін 127 мыңнан астам талапкер құжат тапсырған.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы экономиканың білікті кадрларға деген ұзақмерзімді сұранысын ескере отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру гранттарының 60%-ы бүгінде елдің индустриялық және технологиялық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие инженерлік және техникалық даярлау бағыттарына бөлінді.

Өңірлерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. «Серпін» жобасы аясында 2 мыңнан астам грант иегері Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарында білім алады.

Білім беру гранты – бұл тек жоғары білімді тегін алу мүмкіндігі ғана емес. Бұл – мемлекеттің елдің болашағына және әрбір дарынды жасқа салған инвестициясы. Биыл 75 мыңнан астам талапкер мемлекеттік грант иегері атанды. Сонымен қатар гранттар конкурсын өткізу қағидалары өзгеріссіз қалып, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етті. Біз жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Бүгінде Қазақстаннан шықпай-ақ әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының дипломын алуға болады. Сондай-ақ елімізде жұмыс істейтін шетелдік жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттердің филиалдарында оқу үшін де мемлекеттік гранттар қарастырылған. Бұл – қазақстандықтар үшін сапалы халықаралық білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір маңызды қадам.

2026 жылы білім беру гранттарын тағайындау конкурсына шамамен 127 мың өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Өтініштер санының артуы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жоғары білім алуға деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Гранттарды бөлу барысында заңнамада көзделген мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері сақталды. Атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған квоталар, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс берілетін гранттар, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған 1816 грант қарастырылды.

Конкурс нәтижелерімен келесі ресми ақпараттық ресурстардан https://t.me/SayasatNurbekOfficial, https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk, https://t.me/gylym_jogary_bilim таныса аласыздар.

Мемлекеттік білім беру грантының электрондық куәліктері үш жұмыс күні ішінде ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының grant.testcenter.kz сайтында қолжетімді болады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді

Бүгін 16:31

Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 16:21

Сайлау учаскеңізді қалай табасыз?

Бүгін 15:50

Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды

Бүгін 15:24

Алматылық жастар жобасын іске асыру үшін 1 миллион теңгедей грант ала алады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);