AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Горельник шатқалында туристерге арналған жаңа жаяу...

Горельник шатқалында туристерге арналған жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылады

Не? Қайда? Қашан? 25.06.2025, 11:14 2,178
Горельник шатқалында туристерге арналған жаңа жаяу жүргіншілер көпірі ашылады
Алматы әкімдігі

Туризм мен экотуризмді тұрақты дамыту бағдарламасы аясында Алматының таулы бөктеріндегі табиғаты әсем Горельник шатқалында салынып жатқан заманауи Arman-köpir деп аталатын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталуға жақын. Нысан жоспар бойынша биыл қыркүйек   айында пайдалануға беріледі.

Ұзындығы 77 метр болатын көпір шатқалдың екі жағын қосып, болашақта ашылатын оқушыларға арналған «Мың бала» спорт клубына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Көпірдің құрылысы жер бедерінің күрделілігін ескере отырып жасалған, оның беріктігі мен сенімділігі жоғары, халықаралық қауіпсіздік және пайдалану стандарттарына сай келеді. Жоба жекеменшік компания бастамасымен, Еуропаның таулы және қорғалатын аймақтарында аспалы көпір салуда көпжылдық тәжірибесі бар Швейцарияның Swissrope Ltd компаниясымен бірлесе жүзеге асырылып отыр.

Көпірге жақын маңда 912 м² аумақты қамтитын көпфункционалды спорт залы мен балаларға, спорттық топтарға және оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға арналған жайлы 12 модульді капсула пайда болады. Жаңа кешен жыл бойы белсенді демалыс, спорттық жаттығулар мен табиғат аясындағы білім беру бағдарламалары үшін алаңға айналады.

Еске сала кетейік, биыл көктемде Горельник аумағында визит орталыққа апаратын «Жұмбақ жол» жаяу жүргіншілер жолы ашылған еді. Ұзындығы 285 метр болатын соқпақ жол арқылы демалыс аймақтарына баруға болады, түнгі жарық және ақпараттық стендтер бар. Жоба экотуризмді дамытуға және Медеу мен Шымбұлақ сияқты танымал бағыттарға түсетін рекреациялық жүктемені азайтуға бағытталған.

Бұл бастамаларды жүзеге асыру жайлы әрі қауіпсіз туристік орта құруға, белсенді және танымдық демалыс мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ табиғи мұраны сақтауға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көпір #Горельник #ашылу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);