AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Головкин президент болған ұйым жаңа талап қойды: е...

Головкин президент болған ұйым жаңа талап қойды: енді ер боксшылар да жыныстық тексерістен өтуге міндетті

Спорт 04.01.2026, 10:20 380
Головкин президент болған ұйым жаңа талап қойды: енді ер боксшылар да жыныстық тексерістен өтуге міндетті
Фото: НОК РК

Халықаралық World Boxing федерациясы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз жарыстарына қатысатын 18 жастан асқан ер спортшыларға міндетті жыныстық (sex) тексеру талабын енгізді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ұйымның ресми мәліметінше, жаңа ереже World Boxing өткізетін немесе санкциялайтын барлық турнирлерге қолданылады. Енді 18 жастан асқан ер боксшылар жарысқа қатысу үшін ПЦР (PCR) немесе соған теңестірілген медициналық-генетикалық тексеруден өтуі тиіс. Тексерістің мақсаты – спортшының туған кездегі жынысын айқындау және тиісті санатта жарысқа қатысу құқығын растау. 

World Boxing бұған дейін әйелдер санатында да осындай талап енгізілгенін еске салды. Міндетті тестілеу 2025 жылғы тамызда Ливерпульде өткен әлем чемпионаты қарсаңында қолданысқа енгізілген. 

Бұл шешім спорттағы әділ бәсеке мен қауіпсіздік мәселесіне қатысты талқылар күшейген тұста қабылданды. Атап айтқанда, 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін алжирлік Иман Хелиф пен тайваньдық Линь Юйтиньдің төңірегінде тестостерон деңгейі мен сәйкестік талаптарына байланысты даулар болған.

Айта кетейік, 2025 жылғы қарашада World Boxing президенті болып қазақстандық боксшы Геннадий Головкин сайланды. Сарапшылар жаңа ережелерді ұйымдағы реформалардың бір бөлігі ретінде бағалап, оның негізгі мақсаты – бокста әділ бәсеке қағидаларын күшейту екенін айтады. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #бокс #Генадий Головкин #World Boxing
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика