Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕА...

Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ШІЛДЕ АЙЫНДА ДА КӨРЕРМЕНДЕРІН КҮТЕДІ!

Мәдениет 02.07.2022, 10:08 1,940
Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫ ШІЛДЕ АЙЫНДА ДА КӨРЕРМЕНДЕРІН КҮТЕДІ!

         Ару Алматының мәдени өмірінің ажырамас бөлшегіне айналып, таңдамалы туындыларымен көрермендерінің жүрегінен орын алған Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөпірімдер театры биыл АЛҒАШ рет Театр маусымын тағы бір айға ұзартып отыр.  Отандық театрлар сынды мамыр айында көрермендерімен «уақытша» қоштасатын өнер ұжымы Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына рухани демалыс сыйлау үшін биылғы маусымды шілде айының он жетінші жұлдызына дейін жалғастырмақ.


         Театр өз репертуарын жыл сайын қазақ және әлем әдебиетіндегі озық драматургиялық шығармалармен толықтырып, көрермендерін сан қырлы кейіпкерлер болмысымен таныстыруда.  Отандық және шетелдік театр фестивальдерінде кеңінен танылып жүрген «Құлагер» (авт.: І.Жансүргіов, реж.: Ф.Молдағалиев), мәңгілік махаббат жыры «Махаббат қызық мол жылдар» (авт.: Ә.Нұршайықов, реж.: Ф.Молдағалиев), адамдар мен жануарлар арасындағы мейірім мен адалдықты арқау еткен «Қара шекпен» (авт.: Г.Хугаев, реж.: А.Маемиров) сынды спектакльдер тұрақты көрермендерін тауып, әр қойылым көрсетілімі ерекше бағалауға ие болуда. Театр мен көрермен арасындағы нәзік иірімдерге толы байланыстың ажырамауы үшін барын салатын өнер ордасы кішкентай көрермендеріне жағымды жаңалықтары мен тосын сыйларын дайындауда.


         «... Театр деген нәрсе ермек емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны» деген қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, қаламгер Ж.Аймауытов пікірін ескерсек, кішкентай буын балдырғандарымызды жан-жақты, рухани бай hәм қиял-көкжиегі кең тұлға болуына үлес қосу да театрдың басты мақсаттарының бірі болып саналады. Бүгінде театр репертуары балалардан бастап барша көрермендерді тебірентетін адалдық, махаббат, достық, отбасы құндылықтары тақырыптарын терең ашумен қатар адам жанының сан қырлы қатпарларына үңіліп келеді.


          Театр өнері өмірді қалай сүру керектігін үйретпейді. Ол ізгілік пен махаббат, зұлымдық пен қиянат секілді қасиеттердің айырмашылығын көрсетеді. Зұлымдықтарды сынай отырып, адамдарға ізгілік жолын көрсетеді әрі сезіндіреді. Осы сынды міндеттерін махаббатпен атқаратын Мүсірепов театры өзінің барша көрермендерін тағылымды қойылымдарының қадірлі қонағы болуға шақырады! Сіздер үшін жалғасатын театр маусымыеың қызықты қойылымдарынан қапы қалмаңыздар!


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #Қойылым #жасөспірімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика