AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Германия Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар и...

Германия Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар инвестиция салды

Әлеумет 12.05.2022, 09:35 1,230
Германия Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар инвестиция салды
Сурет: Egemen.kz

Екі елдің ынтымақтастығы қазіргі уақытта да сәтті дамып келе жатыр.


Германия 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 5,5 млрд доллар тікелей инвестиция салды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  



«Пандемиядан туындаған шектеулер жағдайында біз екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамыту тенденциясын сақтап қана қоймай, сонымен бірге онлайн форматты барынша пайдалана отырып, нақты жобалар мен ұсыныстарды ілгерілете алдық. Бүгінде Германия Қазақстанның маңызды серіктесі болып отыр. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, инвестицияларды ынталандыруға және өзара қорғауға бағытталған бірқатар үкіметаралық келісім жұмыс істейді», - деді Роман Скляр елордада өтіп жатқан Қазақстан-герман бизнес форумында.



Оның атап өтуінше, екі елдің ынтымақтастығы қазіргі уақытта да сәтті дамып келе жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 және 2020 жылдардағы Германияға сапарынан кейін өзара қарым-қатынас қарқын ала түсті.



«Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған үкіметтік жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау үшін германиялық компаниялармен ай сайын, оның ішінде онлайн форматта да кездесулер өткізіледі. Инвестиция тұрғысынан алып қарасақ, 2005 жылдан бері біздің экономикамызға Германиядан шамамен 5,5 млрд доллар тікелей инвестиция құйылды. Оның басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне салынды», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Германия #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);