Генерал-майорға мемориалдық тақта ашылды

Генерал-майорға мемориалдық тақта ашылды Cурет: Aqshamnews.kz

Алматы қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті әскери және қоғам қайраткері, генерал-майор Әмірбек Әнуарұлы Төгісовке арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Алматы қаласының төріндегі (М.Төлебаев көшесі, 172-үй, Шевченко көш. қиылысында) 1998-2020 жылдары өзі тұрған үйдің жанында өткен еске алу шарасына Әмірбек Әнуарұлының қызметтес болған жолдастары, көршілері, туған-туыстары және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Тағзым ету шарасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы №5571 әскери бөлімінің әскери оркестрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады. 

Бұл жайдан-жай емес. Себебі, Әмірбек Әнуарұлы бүкіл саналы ғұмырын Қазақстанның Қарулы Күштеріне арнаған ерен тұлға. Ол 1990 жылдары еліміздің Ішкі әскері мен Қарулы күштерінің қалыптасуына, дамуына тікелей атсалысты. Тіпті, еліміздегі алғашқы әскери бұйрықтың тұжырымдамасын жазып шыққан. Сондай-ақ, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу жүйесінің негізін қалаушылардың бірі болды.

Қызмет жолында Магадан, Амурдегі Комсомол, Қарағанды, Атырау (Гурьев), Мәскеу, Алматы және Астана қалаларында әскери міндетін абыроймен атқарып, қарапайым сарбаздан генерал-майор дәрежесіне дейін көтерілді.

Әмірбек Төгісов Ферғана өңірінде, Таулы Қарабақ пен Балтық жағалауындағы аймақтарда болған төтенше жағдайларда қоғамдық тәртіпті сақтау шараларына қатысқан.

1992 жылы Мәскеуде, КСРО Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас басқармасында қызмет етіп жүрген жерінен туған еліне оралып, Қазақстан Республикасы Ішкі әскері қолбасшысының орынбасары болып қызмет істеді. 1996 жылға дейін аталған құрылымды қалыптастыру мен дамытуға белсене атсалысты. Сол еңбегі үшін оған 1996 жылы генерал-майор әскери атағы берілді.

1997 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметте жүріп, Әмірбек Төгісов еліміздің халықаралық әскери әріптестігін нығайтуға елеулі үлес қосты.

Ол БҰҰ отырысында бітімгершілік қызмет туралы баяндама жасап, Қазақстанның беделін әлем алдында таныта білді. Сондай-ақ, алғашқы «Центразбат-97» бітімгершілік оқу-жаттығуын ұйымдастыру мен өткізуге белсене қатысты.

Генерал-майор Төгісовтың ерен еңбегі лайықты бағаланып, бірнеше медальдар мен «Айбын» орденінің иегері атанды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:04

17:32

15:31

14:16

13:08

12:40

12:32

11:43

11:42

11:10

10:39

09:57

21:27

17:41

17:36

17:00

16:51

16:43

15:38

15:23

14:56

14:16

12:17

11:45

11:15