AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғани Нығыметов: «Жаңартылған конституцияның басты...

Ғани Нығыметов: «Жаңартылған конституцияның басты басымдығы – адам, білім мен ғылым»

Әлеумет 01.07.2026, 10:31 440
Ғани Нығыметов: «Жаңартылған конституцияның басты басымдығы – адам, білім мен ғылым»

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Ғани Нығыметов Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстанның жаңартылған конституциясының маңызы туралы пікір білдіріп, оның жаһандық өзгеріс кезіндегі алар орнына тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңартылған конституция Қазақстанның сапалық тұрғыдан жаңа даму моделін қалыптастырады. Бұл мемлекетке әлемдік тұрақсыздық пен жоғары белгісіздік кезеңінен сенімді әрі тұрақты өтуге мүмкіндік береді.

«Халықтың қолдауының арқасында жаңартылған конституция қабылданып, мемлекет басшысының бастамасымен оған шын мәнінде прогрессивті нормалар енгізілді. Ең маңыздысы – еліміздің стратегиялық даму бағытының қатарына ғылым, білім мен адами капиталды дамыту енгізілді. Бұл адамның, оның құқығы мен бостандығының, білімі мен ғылымының басты құндылыққа айналғанын білдіреді», – дейді Ғани Нығыметов.

Ол білім мен ғылым Қазақстанды сапалық тұрғыдан жаңа даму деңгейіне көтеретін негізгі фактор екенін ерекше атап өтті.

«Академиялық қауымдастық жаңартылған конституцияның нормаларының толық іске асуынан үлкен үміт күтеді. Бұл білім беру жүйесін жаңғыртуға, осы салаға инвестиция көлемін арттырып, жастар мен еліміздің болашағына инвестиция салуға мүмкіндік береді», – деді ректор.

Сөз соңында Ғани Нығыметов жаңартылған конституцияның әлеуетін толық жүзеге асыру мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болатынына сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Кеше 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Кеше 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Кеше 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Кеше 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);