конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғани Бейсембаев: «Сапалы білімге тең қолжетімділік...

Ғани Бейсембаев: «Сапалы білімге тең қолжетімділік - мемлекет саясатының басым бағыты»

Білім және ғылым 11.11.2024, 12:53 1,049 dulatbekova
Ғани Бейсембаев: «Сапалы білімге тең қолжетімділік - мемлекет саясатының басым бағыты»
Сурет: Gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру ұйымдарын аралап, педагогикалық қауымдастықпен, оқушылармен, білім саласының ардагерлерімен және ата-аналар комитетінің өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Ғани Бейсембаев Зағиптар мен нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп интернатында жуырда ғана Мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» мемлекеттік наградасын алған математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісованың сабағына арнайы бас сұғып, мұғаліммен, оқушылармен сұхбаттасты. Ұстаз миссиясына адал педагог ерекше балалармен жұмыс жасауды өз жүрек қалауымен таңдаған. Ғани Бейсембаев Гүлжанар Нұрпейісова сынды ұстаздардың еліміздің мақтанышы екенін, ал оның кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы көпшілікке үлгі-өнеге екенін айтты.

«Барлық балалар үшін сапалы білімге тең қолжетімділік - еліміздің негізгі басымдықтарының бірі. Осыған байланысты арнайы және инклюзивті білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғасуда. Өз еңбек жолын осындай ерекше балаларға арнаған педагогтерге ерекше көңіл бөлінуде. Олардың кәсібилікпен қатар, шыдамдылық, өз ісіне адалдық танытуы - ең жоғары марапатқа лайықты. Гүлжанар Нұрпейісова сынды ұстаздар нағыз ағартушы, қоғам төрге оздыратын тұлғаның қандай болуы керек екенін өз үлгісімен дәлелдеп келеді», - деп атап өтті министр.

Аталған мектеп-интернатта 236 ерекше білім беруді қажет ететін бала білім алады. Оқу процесі олардың ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылған, мұнда балалардың ерекшеліктеріне қарай бейімделген әдістемелік материалдар қолданылады.

Елімізде 496 арнайы ұйымда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен барлығы 9 мың педагог жұмыс жасайды. Балаларды арнайы біліммен қамту 84%-ға жетті. Айта кету керек, биылғы жылдан бастап мүгедектігі бар балалар үшін колледжге түсу квотасы 1 пайыздан 10 пайызға ұлғайтылды.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрлігі #Алматыға сапар #педагогтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);