AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғани Бейсембаев оқу-ағарту саласының ардагерлер ке...

Ғани Бейсембаев оқу-ағарту саласының ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты

Білім және ғылым 28.03.2025, 16:30 718
Ғани Бейсембаев оқу-ағарту саласының ардагерлер кеңесінің отырысына қатысты
Сурет: Gov.kz

Оқу-ағарту министрлігінің жанынан білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға бағытталған кешенді шешімдер әзірлеу мақсатында 2023 жылы Ардагерлер кеңесі құрылған болатын.

 Мұндай кеңестер еліміздің барлық өңіріндегі білім басқармалары жанында да жұмыс жасауда. Олардың құрамына білім саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған зейнеттегі ұстаздар, қоғам және мемлекет қайраткерлері енген, деп хабарлайды aqshamnews.kz  Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Кеңес отырысында білім сапасын арттыру және тәрбие жұмысын күшейтуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Министр сондай-ақ, жас педагогтерге тәлімгерлік көрсету, кәсіби тәжірибе сабақтастығы, бала тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның рөлі секілді негізгі басымдықтарды атап өтті.

«Сіздер отандық білім беру жүйесінің дамуына зор үлес қостыңыздар. Бүгін біздің алдымызда – қарқынды дамып жатқан заманда елдің жаңа буынын тәрбиелеу міндеті тұр. Ардагер ұстаздар – біздің қазынамыз. Ұзақ жылдар мол тәжірибесі бар әріптестеріміздің кәсіби көмегіне сенім артамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен балаларымыз үшін барынша жақсы жағдай жасаймыз деп сенемін», – деді Ғани Бейсембаев.

Министр Ардагерлер кеңесінің қоғамдағы рөлін нығайту мақсатында өңірлік білім басқармаларының басшыларына олардың педагогикалық ұжымдармен кездесулерін ұйымдастыруды тапсырды.

«Біз өз білімімізбен, тәжірибемізбен бөлісуге әрдайым дайынбыз. Ортақ мақсатымыз – мықты да адал ұрпақ тәрбиелеу. Білім саласының дамуына шын жанашырлықпен алаңдап отырамыз. Ұстаз ретінде ел болашағына бей-жай қарай алмаймыз. Ұрпақ тәрбиелеу ісіне белсене араласу – біздің азаматтық борышымыз», – деді кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинова.

Сондай-ақ жиында педагог мамандығын, ұстаздар әулеттерін дәріптеу туралы ұсыныстар айтылды. Кеңес отырысы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрі #ардагерлер кеңесі #отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);