AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ғани Бейсембаев олимпиада жүлдегерлерімен кездесті

Ғани Бейсембаев олимпиада жүлдегерлерімен кездесті

Барлығы 27.02.2025, 13:00 739 dulatbekova
Ғани Бейсембаев олимпиада жүлдегерлерімен кездесті
Сурет: Gov.kz

Жұмыс сапары барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласындағы РФММ-нің жұмысымен танысты.

50 жылдық тарихы бар республикалық мектептен елімізге белгілі мықты математиктер, саясаткерлер, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары шыққан.

2024 жылдың қорытындысы бойынша РФММ түрлі халықаралық және континенттік олимпиадаларда 67 медаль жеңіп алды, оның ішінде әлем оқушылары арасындағы ТОП-7 пәндік олимпиадаға кіретін IMO, IPhO және IOI секілді ірі додаларда төрт медаль иеленген. Жүлдегерлер ішінде Әмірлан Аманжолов, Дінмұхамед Егеубаев, Марғұлан Нұрсағатов, Ілияс Қазымбек және Максим Цой бар. Бұдан басқа 2005 жылдан бастап РФММ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және 15 елдің оқушыларының қатысуымен Математика, физика және информатика пәндерінен Халықаралық Жәутіков олимпиадасын өткізіп келеді.

«Президентіміздің, ұстаздарымның және ата-анамның қолдауы маған сенімділік пен күш-қуат береді. Болашақта еліміздің өркендеуіне, отандық ғылымның дамуына өз үлесімді қосқым келеді», - дейді IMO күміс жүлдегері Әмірлан Аманжолов.



Өз кезегінде министр мемлекет тарапынан өскелең ұрпақтың толыққанды дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Президенттің бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды дайындаған педагогтерге ақшалай сыйақы беріліп келеді.

«Сіздер - еліміздің мақтанышы ғана емес, үздіксіз дамуға ұмтылған және негізін білім мен ілімнен алатын зиялы ұлттың болашақ өкілісіздер. Сіздердің қол жеткізген жетістіктеріңіз қатарластарыңызға үлгі болып қана қоймай, биік белестерге талпынуға шабыт береді. Мемлекет сіздерге толыққанды қолдау көрсетіп, әрі қарай өсулеріңіз, дамуларыңыз үшін қажетті жағдайды жасайды. Сіздердің білім алуға және оны жетілдіре түсуге деген ұмтылыстарыңыз тұтас ұлт үшін қозғаушы күшке айналатынына сенімдімін», - деді Ғани Бейсембаев.
 
Кездесуде оқушылар министрге өз сұрақтарын қойып, арман-тілектерімен, мақсаттарымен бөлісті. Атап өту керек, 2024 жылы біздің оқушыларымыз халықаралық олимпиадаларда 563 медаль жеңіп алды, оның ішінде 77 алтын бар. Сондай-ақ қазақстандық оқушылар әлемнің робототехникадан үш дүркін, химиядан екі дүркін чемпионы болып табылады.

Сонымен қатар министр РФММ филиалының ғимаратын реконструкциялау жұмысының барысымен танысты. 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Алматы #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);