AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғани Бейсембаев: Мемлекет педагог кадрларының сапа...

Ғани Бейсембаев: Мемлекет педагог кадрларының сапасын арттыруға ерекше мән беруде

Білім және ғылым 27.02.2025, 09:48 952
Ғани Бейсембаев: Мемлекет педагог кадрларының сапасын арттыруға ерекше мән беруде
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

26 ақпан күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесті. Жиын барысында педагог кадрларын сапалы даярлау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министр өз сөзінде педагогикалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттардың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл 48 мыңға жуық түлек педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын тәмамдаған.

«Мемлекет педагог кадрларының сапасын арттыруға ерекше мән беруде. Соның бір дәлелі – соңғы бір жылда үш ұстазға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері атағы берілді. Бұл – мемлекет пен Президенттің ұстаздарға деген жоғары сенімінің көрінісі. Ұстаздың ең басты ұстанымы – шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беру. Студенттерге осы университеттен шыққан Аягүл Миразова мен Гүлжанар Нұрпейісова сияқты педагогикалық қызметтің биік шыңына жетулеріне тілектеспін», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары зерттеу жұмыстарымен айналысатын педагогтердің үлесі 1,6 есеге өсіп, магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны рекордтық 27,9 мыңға жеткен.

Студенттер министрмен кездесуде ауылдық жерлердегі педагогтерді қолдау, жұмысқа орналасу, ата-аналар қауымдастығымен өзара әрекеттесу және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмыстары жөнінде сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Кездесу аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде еліміздің үздік педагогтерінің құрметіне «Ұлт келбеті – ұстаздар» атты фотогалерея ашылды. Салтанатты рәсімге Ғани Бейсембаев, университет ректоры Гүлмира Қанай және QyzPU түлектері, танымал педагогтер Аягүл Миразова мен Гүлжанар Нұрпейісова қатысты.

Фотогалереяда елдің білім саласына зор үлес қосқан көрнекті ұстаздардың бейнелері ұсынылған. Олардың қатарында Социалистік Еңбек Ері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Маржан Тасова, Қазақстанның Еңбек Ері, биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьева, сондай-ақ QyzPU түлегі, Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова бар.

«Фотогалерея – барлық ұстазға деген құрметтің белгісі. Біз өткенімізді білмесек, болашағымызды бағдарлай алмаймыз. Ұстаздың жүрегі де, сөзі де жылы болуы керек. Ұстаз болу – үлкен жауапкершілік. Сол жауапкершілікті абыроймен атқарған жан ғана нағыз ұстаз бола алады. Осындай ардақты ұстаздарымыз көп болсын, фотогалереяның қатары толыға берсін», – деді Аягүл Миразова.

 

Сонымен қатар кездесу аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірқатар оқытушысына «Еңбек ардагері» медалі, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);