AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғани Бейсембаев Алматыға жұмыс сапарымен келді

Ғани Бейсембаев Алматыға жұмыс сапарымен келді

Білім және ғылым 27.02.2025, 12:25 1,078
Ғани Бейсембаев Алматыға жұмыс сапарымен келді
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Алматыда бағынысты ұйымдардың басшыларымен жиналыс өткізді.

Министрлікке бағынысты ұйымдардың басшыларымен кездесу кезінде министр білім сапасын одан әрі арттыруға бағытталған негізгі міндеттерді атап көрсетті, депр хабарлайды aqshamnews.kz сала министрлігіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда «ABAI ULTTYQ MEKTEBI» алғашқы ұлттық мектебінің құрылысы басталды. Жаңа білім беру ұйымы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген. Бұл мектепте қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетіліп оқытылады. Ол үшін қазіргі жұмыс жасап тұрған Абай атындағы мектеп-интернатының әлеуеті толықтай пайдаланылады.

Инклюзиялық саясатты білім берудің барлық деңгейінде жүзеге асыру мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын құру туралы шешім қабылданды. Оның қызметіне әдістемелік сүйемелдеу, зерттеулер жүргізу, білім алудағы қиындықтарды анықтау және алдын алу, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерін үйлестіру жатады.

Әсіресе, айта кету керек, мектеп кітапханаларын модернизациялау, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға басымдық берілуде. Осы бастамалардың аясында алғашқы қазығы 1932 жылы қағылған Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананы трансформациялау жүргізілуде. Бүгінде оның қорында 400 мыңнан астам кітап пен 3 мыңнан астам ғылыми педагогикалық еңбек бар. Бұдан бөлек, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру курстары да өткізіліп тұрады. 2024 жылы колледждер мен мектептерден 1 775 маман оқудан өтті. Жүргізілген жұмыстардың арқасында еліміздің мектеп кітапханаларының қоры 1,6 млн көркем әдебиетпен толығып, жалпы қор саны 141 млн кітаптан асты.

Кездесу соңында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығын және оған білім беру жүйесінің барлық деңгейінде басымық беру керек екенін атап өтті. Ол әрбір жоба үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және оған тұрақты мониторингілеу жүргізе отырып, тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрі #Алматы #сапар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);