Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғаламторы жоқ ғалам

Ғаламторы жоқ ғалам

Әлеумет 14.12.2023, 10:34 1,135
Ғаламторы жоқ ғалам
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның 1432 ауылында мобильді интернет жоқ. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтып берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Министрлік атап өткендей, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елде 6 406 елді мекен бар, оның 6 290-ы ауыл мәртебесіне ие. 


Қазіргі уақытта 116 қала мен 4 858 ауыл 3G (2 813 ауыл) және 4G (2 045 ауыл) мобильді технологиялары бойынша Интернетке қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ ADSL технологиясы бойынша Интернетпен 1 950 ауыл және талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясымен 2 606 ауыл қамтамасыз етілді. 




«Бүгінгі таңда мобильді интернетсіз 1432 ауыл қалып отыр, оның ішінде 504 ауылды 2023 жылдан бастап спутниктік жүйелер арқылы қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда», - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен отырысында Асхат Оразбек.




Вице-министр Үкіметтің «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекіткенін, оның аясында 2024-2027 жылдары талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы 3 мыңнан астам ауылды, оның ішінде мобильді интернеті жоқ 928 ауылды интернетпен қамту жоспарланғанын атап өтті. Жалпы ұлттық жобаны іске асыру үшін 1 499,9 млрд теңге қарастырылған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғаламтор #ауыл #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика