Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Ғажап серуендеу: алматылықтар «Көк-Төбедегі» жаңа...

Ғажап серуендеу: алматылықтар «Көк-Төбедегі» жаңа жолды бағалады

Барлығы 01.04.2025, 11:13 865
Ғажап серуендеу: алматылықтар «Көк-Төбедегі» жаңа жолды бағалады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындары мен қонақтары «Көк-Төбе» саябағындағы жаңа жаяу жүргіншілер жолын бағалады.

Алматы тұрғындарының «Көк-Төбеге» өтініштерін ескере отырып, қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қазан айында жеке инвестициялар есебінен ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілерге арналған денсаулық жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұрын саябаққа жаяу бару қиындық туғызатын әрі қауіпті болаты. Денсаулық жолының іске қосылуымен бұл мәселе шешімін тапты. Бүгінгі таңда өткізу қабілеті күніне 10 мың адамға жетеді. 

«Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін денсаулық жолдарын жасау-үлкен жетістік. Енді барлығы «Көк-Төбеге» жаяу барып, таулар мен айналаның таңғажайып көріністерін тамашалай алады. Бұрын жүргінші жолы автомобильдер үнемі қозғалатын жолда болатын, бұл ыңғайсыз әрі қауіпті. Жаңа соқпақ жолдар  -  ыңғайлы  әрі денсаулыққа да пайдалы», - деді Алматы тұрғыны Елдос Сапунов. 

«Мен мұнда жиі келемін. Мұнда скандинавиялық серуендеу әлдеқайда ыңғайлы болды. Алаңда орналасқан орындықтар мен урналар да пайдалы. Біздің қауіпсіздігіміз үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Осындай жайлы және қауіпсіз кеңістік құрғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін», - деді Алматы тұрғыны Аружан Смайлова.

«Көк-Төбе» саябағының өкілі Фархад Уәли атап өткендей, келушілерге ыңғайлы болу үшін бүкіл маршрутта жарықтандыру, бейнебақылау, орындықтар мен урналар жабдықталған. 

«Бүгінгі таңда асфальттау мен бордюрлерді жасауды қоса алғанда, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Жақын арада іргелес аумақты абаттандыру басталады. Маршрут басталар алдында саябақ аймағы құрылады, онда бұрын абаттандырылмаған учаске болған. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың өтініштері арқасында келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Осылайша, өз қаражатымызбен біз жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жол сала бастадық. Бүгін келушілер мұнда жайлы серуендейді, жүрген қадамдарын есептейді», - деді Фархад Уали.

Сонымен қатар, демалушыларға ыңғайлы болу үшін Көк-Төбе тауының көркем беткейлеріне қарайтын бірнеше бақылау алаңдары қарастырылған. Алаңдарды абаттандыру биыл 1 мамырға дейін аяқталады.

«Көк Төбе» саябағы қаланың көрікті жерлерінің бірі және демалыс орны болып табылады. Жыл сайын саябаққа 600 мыңнан астам адам келеді. Саябақтың бастапқы нүктесі-ұзындығы 1620 метр болатын бірегей аспалы жол, онда 17 гондолалық кабиналар жұмыс істейді. Жол жүру уақыты шамамен 6 минутты құрайды, осы уақыт ішінде жолаушылардың алдында көркем көріністер ашылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көк-Төбе #жаңа жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика