AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футзалдан ел құрамасы әлем чемпионатына бір қадам...

Футзалдан ел құрамасы әлем чемпионатына бір қадам жақын тұр

Спорт 14.12.2023, 06:26 1,508 Almaty-akshamy.kz. 
Футзалдан ел құрамасы әлем чемпионатына бір қадам жақын тұр
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіндегі кезекті тур ойынын өткізеді.


Жерлестеріміз бұл жолы елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасады. Іріктеу кезеңінде біздің жігіттер Румыния, Әзербайжан және Нидерланд құрамаларымен бірге «А» тобында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. Төрт турдан кейін Қазақстан футзалшылары 12 ұпаймен топта көш бастап тұрса, Нидерланд құрамасы 1 ұпаймен төртінші орында келеді. Айта кетейік, ұлттық құрама еуропалық рейтингте – 4-ші, әлемдік рейтингте – 7-орынға жайғасқан. Жауапты матч қарсаңында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың жаттығуына қатысып, футзалшыларға қолдау білдірді. Ал құраманың бас бапкері Кака алдағы матчқа жігіттердің дайындығы жоғары деңгейде, жауынгерлік көңіл-күйде екенін айтты.



«Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі саналады. Өткен әлем чемпионатында Қазақстан 4-орынға ие болса, 2016 жылғы Еуропа біріншілігінде біздің жігіттер қола жүлдегер атанған еді. Алдағы матчта ұлттық құрамаға тек жеңіс тілеймін! Өз алаңымыздағы дәл осы бәсекеде келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама аламыз деген сенімдемін», - деді Ермек Маржықпаев.



Футзалдан әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі 14-20 желтоқсан аралығында екі матчпен аяқталады. Осы матчтардың бірінде Қазақстан құрамасы жеңіске жететін болса, 2024 жылғы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңіне бірінші орынмен тікелей жолдама алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #футзал #құрама #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы халықаралық Turkic Game Jam 2026 хакатонының алаңына айналды

Кеше 17:13

Алматы есірткіге қарсы бірікті: ҚБТУ алаңында алып ту жайылды

Кеше 16:51

Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті

Кеше 16:40

Алматыда кезекті заңсыз нысан сүрілді

Кеше 16:02

Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);