AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзер...

Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды

Спорт 26.09.2022, 02:49 1,587
Футболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды
Сурет: Inform.kz

Кездесудің бірінші кезеңінде қос құраманың ойын деңгейі қатарлас болды


Футболдан UEFA Ұлттар лигасы алтыншы турында Қазақстан құрамасы Әзербайжан құрамасымен сынға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетсек, С лигасы үшінші тобында сынға түскен қазақстандық футболшылар бір тур бұрын В дивизионына жолдамаға қол жеткізді. Оған қоса 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алды.


Соған қарамастан ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев ойынға негізінен тәжіриелі футболшыларды қосты. Олардың қатарына бұдан бұрынғы кездесулерге қатыспаған ойыншылар қосылды.


Кездесудің бірінші кезеңінде қос құраманың ойын деңгейі қатарлас болды. Ойынның 35-минутында қазақстандық Нұрәли Әліп дөрекі қимылы үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дегенмен одан кейін де алаң иелері біздің қақпадан саңылау таба алған жоқ.


Екінші кезеңнің 66-минутында Александр Марочкин өз қақпасына гол соғып алды. Ал 74-минутта әзербайжандық Филип Озобич есепті үстемелесе, Анатолий Нуриев 90-минутта қорытынды есепті белгіледі.


Осылайша Қазақстан құрамасы Әзербайжанға 0:3 есебімен жол берді.


Айта кетсек, екі құрама бұған дейін 7 мәрте шеберлік байқасты. Оның төртеуінде қазақстандық футболшылар жеңіске жетсе, екеуінде кездесу тең аяқталып, біреуінде әзербайжандық құрама басым түсті.


Сондай -ақ, аталған топта бүгін Словакия мен Беларусь құрамалары 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан өз алаңында Беларусьті жеңіп кетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Қазақстан #Әзербайжан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика