AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Спорт 28.05.2022, 05:32 1,714
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді
Сурет: Rsport.ria.ru

Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі. Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Францияның Сен-Дени қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізіледі. Кездесу барысында франциялық Клеман Тюрпен бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Николя Дано мен Сириль Гренгор көмекшілік жасайды.


Қосалқы төреші де франциялық Бенуа Бастьен. Екі команда бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 3-і «Ливерпуль» клубының басымдығымен аяқталса, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, қалғанында испаниялық клубтың мерейі үстем болды.


Командалар осының алдында былтыр Чемпиондар лигасы 1/4 финалында кездесті. Бұл жолы «Реал Мадрид» (0:0, 3:1) клубы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Екі команда құрамында футболшылардан жарақат алғандар жоқ. Бүгінгі ойынға барлығы дайын. «Ливерпуль» 6 мәрте Чемпиондар лигасы (Еуропа чемпиондар кубогы) кубогын төбесіне көтерген болатын.


Бұдан бұрын 2019 жылы жеңімпаз атанды. Ал «Реал Мадрид» Чемпиондар лигасы (Еуропа чемпиондар кубогы) турнирінде 13 мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Бұдан бұрын 2018 жылы үздік шықты. Осыған дейін «Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы болғанын, футболдан Конференция лигасының жеңімпазы анықталғанын жазған болатынбыз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #лига #чемпион #ақтық кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика