AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футбол: Дания мен Тунис командалары тең тарқасты

Футбол: Дания мен Тунис командалары тең тарқасты

Спорт 22.11.2022, 16:12 1,630 Almaty-akshamy
Футбол: Дания мен Тунис командалары тең тарқасты
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл ойында даниялықтар фаворит ретінде саналған еді


Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында D тобында алғашқы болып Дания мен Тунис құрамалары сынға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл ойында даниялықтар фаворит ретінде саналған еді.


Дания құрамасы 1992 жылы Еуропа чемпионы атанса, 1984 және 2020 жылдары қола жүлдеге ие болған. Ал әлем біріншілігінде даниялықтардың онша жолы бола қойған жоқ.


2020 жылғы Еуропа чемпионатында Финляндиямен ойында даниялық Кристиан Эриксеннің есінен танып, құлап қалғаны белгілі. Дегенмен содан кейін К.Эриксен үлкен футболға қайта оралды.


Әлем чемпионатына алтыншы рет жолдама алған Тунис өз тобынан ешқашан шығып көрмеген еді.


Қос құрама бұған дейін 2002 жылы жолдастық кездесу өткізіп, онда еуропалықтар 2:1 есебімен жеңген болатын.


Бұл жолы бастапқыда тунистіктердің басымдығы байқалғанымен, даниялықтар көп ұзамай-ақ еңсе түзеді.


Бірінші тайм соңына таман Юссеф М'Сакнидің тамаша пасынан кейін Иссам Жебали даниялық қақпашы, 36 жастағы Каспер Шмейкельмен бетпе-бет шыққанымен, айласын асыра алмады.


Екінші кезеңде 69-минутта К.Эриксеннің аса қауіпті соққысын тунистік қақпашы Аймен Дамен қайтарды. Іле-шала екінші таймда алаңға шыққан Андреас Корнелиустің баспен бағыттаған добы қақпа жақтауынан кері қайтты.


Даниялықтар көбірек қауіп төндіргенімен, есеп ақыры ашылған жоқ – 0:0.


Осылайша, тең тарқасқан командалар бір-бірден ұпайға ие болды.


D тобында бүгін сонымен қатар Франция – Аустралия құрамалары жасыл алаңға шығады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан биылғы «Алтын доп» иегерінің әлем чемпионатынан тыс қалғанын жазған болатынбыз.


Сондай-ақ Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионатының фавориттерін атады.


Аргентина құрамасы әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Дания #Тунис
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Бүгін 19:41

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Бүгін 19:28

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);