конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Freedom компанияларының рейтингі «ВВ-» деңгейіне д...

Freedom компанияларының рейтингі «ВВ-» деңгейіне дейін көтерілді

Экономика Бүгін 14:55 49 yakiya
Freedom компанияларының рейтингі «ВВ-» деңгейіне дейін көтерілді
Freedom

Freedom компанияларының рейтингі «ВВ-» деңгейіне дейін көтерілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

S&P Global Ratings агенттігі Freedom Holding Corp. (FRHC) құрамына кіретін компаниялардың ұзақ мерзімді рейтингтерін «В+» деңгейінен «ВВ-» деңгейіне дейін көтерді, сондай-ақ қысқа мерзімді рейтингтерін «В» деңгейінде растады. «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global, Freedom Finance Europe, «Фридом Банк Қазақстан» АҚ. Болжам – «Тұрақты».

Сонымен қатар «Фридом Финанс» АҚ мен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-ның қазақстандық ұлттық шкала бойынша рейтингтері «kzBBB+» деңгейінен «kzА-» деңгейіне дейін көтерілді.

FRHC-тің ұзақ мерзімді несиелік рейтингі «B-» деңгейінде расталды.

Рейтингтердің көтерілуі Freedom тобының тәуекелдерді жалпы басқару мен комплаенсті жолға қоюдағы үш жылдық тәжірибесін және оның қаржылық еншілес компаниялары деңгейінде осы функциялардың нығаюын көрсетеді. Бұл жүйе FRHC-ке топ деңгейінде тәуекелдерді, соның ішінде жаһандық ауқымда маңызы артып келе жатқан санкцияларды сақтау, киберқауіпсіздік, репутациялық, реттеушілік және криптовалюталық тәуекелдер сияқты салаларды мұқият қадағалауға және бақылауға мүмкіндік береді.

Еншілес компаниялар өз саясаттарын үнемі жетілдіріліп отыратын тәуекелдерді басқару мен комплаенстің қабылданған топтық саясаттарына сәйкес келтіруде. Холдинг жыл сайын тәуекелдерді жаһандық бағалаудан өткізеді, жылына екі рет стресс-тестілеу жүргізеді және оларды азайту бойынша жоспарлар әзірлейді. Технологияға бағдарланған компания ретінде топ ақпараттық жүйелер мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге үлкен көңіл бөледі. Тәуекелдерді басқару және комплаенс жүйесі қаржылық компанияларда да, қаржылық емес компанияларда да жұмыс істейді және жаңадан құрылған әрі сатып алынған еншілес ұйымдарға уақытылы енгізіліп отырады. Топтың тәуекелдерді бағалауға және қағидаттарға негізделген жалпы комплаенс жүйесі оған өзі жұмыс істейтін 22 елде санкциялар талаптарының сақталуына және ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимылға байланысты тәуекелдерді бақылауға, сондай-ақ 40-тан астам реттеуші органмен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

«Біз топ телекоммуникациялық және лайфстайл-бизнеске инвестиция салуды жалғастырғанына қарамастан, таяу 1-2 жылда капиталдандырудың жоғары көрсеткіштерін сақтайды деп күтеміз. Біздің базалық сценарийімізде топтың тәуекелдерді есепке ала отырып түзетілген капитал коэффициенті (risk-adjusted capital - RAC) баланс өсімінің шамамен 20-25%-ға дейін жоспарлы баяулауы, еншілес қаржы компанияларының жоғары пайдасы және акционерлік капиталдың жоспарлы құйылуы арқасында осы кезең ішінде 10%-дан жоғары деңгейде қалады деген ойдамыз. Біз Freedom тобының пайда көрсеткіштерін әлі де жоғары деп санаймыз: үш жылдағы (2024 жылғы наурыз – 2026 жылғы наурыз) негізгі қызметтен түскен орташа пайданың тәуекел деңгейі ескерілген активтерге арақатынасы шамамен 2,2%-ды құрайды, бұл халықаралық контексте әлі де жоғары көрсеткіш болып отыр» - деп қорытындылайды S&P Global Ratings.

Агенттіктің пікірінше, Freedom тобы Қазақстандағы жетекші цифрлық финтех-экожүйелердің біріне айналды. Freedom Holding Corp. құрамына кіретін компаниялар клиенттерінің жалпы саны 8,1 миллионға дейін өсті. Экожүйенің периметріндегі серіктес компаниялардың пайдаланушыларын есепке алғандағы клиенттердің жалпы саны 14 миллионнан асады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Freedom
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Бүгін 15:12

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 17:00-де «Асыл мұра» концерті өтеді

Бүгін 15:02

Түркістанда Smart Point цифрлық ХҚКО өз жұмысын бастады

Бүгін 14:30

Family Park аумағында тұрғын үй кешені немесе өзге де нысандар салу жоспарланбаған

Бүгін 14:09

Алматы қалалық кардиологиялық орталығының пациенті: «Операциядан кейін қайта өмірге келгендей болдым»

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);