AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш...

Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды

Мәдениет 22.02.2026, 15:42 362
Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы тұңғыш рет қазақ тілінде сахналанды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында Франсис Пуленктің «Адам дауысы» монооперасы көрерменге алғаш рет қазақ тілінде жол тартты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

​Туынды Жан Коктоның пьесасы негізінде жазылған. Бұған дейін шығарма ағылшын, италия, орыс, испан, жапон, кәріс және украин, тіпті ым-ишара тілдерінде сахналанса, бүгін бұл қатарға қазақ тілі де қосылды.

2023 жылы пьесаны М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Дауыс» деген атаумен сахналаған. Қойылымды қазақ өнерінің майталманы Тұңғышбай Жаманқұлов аударып, режиссер Барзу Абдуразаков сахналап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген еді.

Аталған туынды жаңа форматта моноопера жанрында көрерменге ұсынылып отыр.

​Кештегі жалғыз кейіпкердің монологын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп орындайды. Күрделі вокалдық партияны дайындауға белгілі ұстаз, әнші Галина Қарамолдаева атсалысқан.

Операны белгілі дирижер Қанат Омаров бастаған Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі сәтті сүйемелдеп, сапалы музыка ұсынды. Қойылым режиссері – Фархат Молдағали.

Кеш соңында шығармашылық ұжымға ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан ықылас гүлі табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алғаш рет #опера #Жамбыл атындағы филармония
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);