конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Францияда тұрғын үй құлады

Францияда тұрғын үй құлады

Әлем 09.04.2023, 14:50 1,135 Аlmaty-akshamy.kz
Францияда тұрғын үй құлады
сурет:mk.ru

Билік оқиғаның себебі мен зардап шеккендер санын анықтауда.


Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласының орталығында тұрғын ғимарат опырылып құлады, деп мәлімдеді жексенбі, 9 сәуірге қараған түні қала мэрі Бенуа Пайян, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 00.40-та болды - Тиволи көшесіндегі №17 үй қирады, ғимаратпен жанасып тұрған үйлер де жарым-жартылай құлады.


Билік оқиғаның себебі мен зардап шеккендер санын анықтауда. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Кем дегенде екі адам жеңіл жарақат алды, деп жазады La Provence.


Пайян оқиға орнындағы іздестіру жұмыстарына қирандылардан шыққан өрт кедергі болып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, үйдің опырылып құлауына жарылыс себеп болуы мүмкін екенін айтты, бірақ оның шығу табиғаты белгісіз.


Прованс-Альпі-Көкшіл жағалау аймағының префекті Кристоф Мирман да Франс Пресс агенттігіне берген түсініктемесінде қирау газ жарылысынан болуы мүмкін екенін айтты.


Куәгерлердің айтуынша, қирау алдында жарылыс болған.


Оқиға Марсельде соңғы жылдардағы ең үлкен ғимарат қирауларының бірі болды. 2018 жылдың қарашасында Марсельдегі екі ғимараттың құлауы салдарынан сегіз адам қаза тапқан.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Франция #Марсель #тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Кеше 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);