Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Франция композиторы қобызға арнап әуен жазды

Франция композиторы қобызға арнап әуен жазды

Әлеумет 31.05.2022, 14:30 1,340
Франция композиторы қобызға арнап әуен жазды
Cурет: Baq.kz

«Бақсы сиқыры» шығармасы өнер сүйер қауымды тәнті етті


«Астана кештерi» ХI халықаралық өнер фестивалінің алғашқы концертінде ерекше музыкалық туындының премьерасы өтті. 
Француз композиторы Пьер Тиллуа жазған қобыз бен скрипкаға арналған «Бақсы сиқыры» атты жаңа музыкалық шығармасы барша өнер сүйер қауымды тәнті етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Екі ішекті аспап – қылқобыз бен скрипканың қайталанбас дуэтін тыңдармандар жоғары бағалады. Әлемдік премьераны Франциядан келген қобызшы Айгерим Ерсаинова-Шустер мен скрипкашы Квентин Фогель орындады.
Сондай-ақ бұл кеште белгілі қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары француз композиторының фортепианолық және ансамбльдік туындыларын шырқады. Белгілі пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев, альт аспабында ойнаған Анна Серова (Италия), скрипкашы Шолпан Манкеева, виолончелист Мұрат Нарбеков пен пианист Дина Мирманованың шеберлігі зор ықыласқа бөленді. Музыканттар Пьер Тиллуа шығармаларының әуені мен көркемдік алуан түрлілігі ерекше екендігін атап өтті


Пьер Тиллуа – 8 үлкен симфонияның, 20 симфониялық поэманың, 3 оркестр, 3 хор және 7 солист үшін жазылған ораторияның авторы. Көптеген ұлттық және халықаралық сыйлықтардың иегері болып табылады. Композитор әлемді аралап, Орталық Азия мен Орталық Шығыс елдеріне жиі саяхаттаған. Бірнеше жыл Әзербайжан мен Өзбекстанда өмір сүріп, осы елдердің мәдениетін терең зерттегені композитордың музыкасында да айқын көрініс тапқан. Қазіргі кезде Тиллуаны әлем музыканты деп атайды. Француз авторы қазақ музыкасы негізінде ұлттық аспаптарда орындалатын көптеген композицияларды жазды.


Автордың айтуынша, қобыздың үні оған ерекше әсер етті.



«Қобыздың үні мені бірден баурап алды. Оның қайталанбас әуендері «Бақсы сиқыры» атты қобыз бен скрипкаға арналған шығарманың жазылуына шабыт берді. Бұл – менің Қазақстан еліне деген құрметімді білдіретін арнайы тартуым. Қазақстанға алғаш рет келіп, осы керемет елдің астанасында шығармашылық кешімді өткізу – мен үшін үлкен мәртебе», - деп жеткізді Пьер Тиллуа. 



Ол фестивальдің ұйымдастырушысы – «Дегдар» гуманитарлық қорына өз алғысын білдірді. Француз композиторының музыкасы өнерде шекара болмайтынын тағы бір дәлелдей түсті. Бұл туралы өз пікірін «Дегдар» қорының директоры Лаура Ахметова жеткізді.



Пьер Тиллуаның шығармашылығы көп қырлы. Оның Франция төрінде туған әуендерінде Азия үні естіледі. Композитор қазақ музыкасын өте жақын қабылдады. Жалпы, жыл сайын фестиваль аясында сан түрлі мемлекеттің музыкалық өнерін өзара жақындастыратын ерекше концерттер өтеді. Демек, музыка өнері айналамызды жарқын етіп, бірлігімізді арттыра түсетін алып күшке ие, - деді Лаура Ахметова.



«Астана кештері» өнер фестивалінің тағы 3 концерті «Астана балет» театрында өтеді және көрермендер оларды тегін тамашалай алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Франция #Қобыз #әуен #композитор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық жастар референдум күні онлайн челленджді қолдады

Бүгін 20:44

Учаске жабылар сәтте: алматылық соңғы минутта келіп дауыс берді

Бүгін 20:06

Пойыздан — бірден учаскеге: алматылық референдумға соңғы минуттарда үлгерді

Бүгін 20:02

24 жәрмеңке және мыңдаған келуші: алматылықтар дауыс беруді саудамен ұштастырды

Бүгін 19:48

Мәдениет жұлдыздары Алматыдағы референдумда азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті

Бүгін 19:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика