конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Франция ауруханаларында дәрігерлер мен медперсонал...

Франция ауруханаларында дәрігерлер мен медперсонал жетпей жатыр

Медицина 31.12.2021, 12:29 1,480
Франция ауруханаларында дәрігерлер мен медперсонал жетпей жатыр
Сурет: Уandex.kz

Франция ауруханаларында жағдай қиын


"Дельтадан" жұқпалырақ деп танылған "омикрон" штамын екпе алған дәрігерлер де жұқтырып жатыр, сол себепті олар жұмыстан үзіліс алуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Ал екпе салдырмаған дәрігерлер жұмыстан шеттетілуде.


Аталған ахуал салдарынан астаналық өңірде қызметкерлердің жетіспеушілігінен жансақтау бөлімдеріндегі төсек-орын саны 20%-ға қысқарды. Сонымен қатар стационарларға вирус жұқтырғандар көп түсуде. Аурухана жетекшілері қызметкерлерге түскен салмаққа алаңдаулы.



«Әзірге біздің бригадалар шыдамдылық танытуда, себебі ештеңеге қарамай, ауруханаға жұмысқа келуге мәжбүр. Бесінші толқынның ерекшілігі – қазіргі кезде дәрігерлер екпе алған жағдайда ауруханаға түспейтін науқастар үшін күресіп жатыр», - деді Delafontaine ауруханасы директорының орынбасары Йоан Мурье.



Кейбір ауруханалардағы науқастар қорлардың тапшылығынан жақсы жабдықталған және вирус жұқтырған науқастары аз басқа емдеу мекемелеріне ауыстырылып жатыр. Оларды тасымалдау үшін санитарлық авиация қолданылауда. Мұндай жағдай халі мүшкіл екі науқасты елдің оңтүстігіндегі Антибтан солтүстіктегі Лилльге ауыстыру кезінде болған.



«Мұның бәрі оңай емес. Біз екі жыл бұрын болған ахуалға қайта оралғандаймыз. Хирургиялық оталарды кейінге қалдырдық. Одан бөлек, коронавирустың бұл толқынымен күресу үшін еңбек демалысынан уақытынан ерте шықтық», - дейді медбике.



Көп ауруханаларда демалыс күндері жұмыс істеу, жоспардағы оталарды кейінге қалдыру қалыпты жағдайға айналды. Медициналық қызметкерлер мен оларды ұсынатын кәсіподақтар да президенттік сайлауға қалған төрт ай ішінде билік орнаған ахуалды есепке алып, тиісті шешім қабылдайды деп үміттенеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Франция #аурухана #жағдай #жұқпалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);