FlyArystan және Almaty Marathon күзгі жүгіру маусымында әріптестігін жалғастырады

  • 16:23, 21 тамыз 2025
FlyArystan және Almaty Marathon күзгі жүгіру маусымында әріптестігін жалғастырады FlyArystan әуекомпаниясы ұсынған сурет

Қазақстандық лоукостер FlyArystan елдегі ең ірі жүгіру жобасы – Almaty Marathon-мен серіктестігін жалғастыруда. 28 қыркүйекте Алматыда өтетін Almaty Marathon және 26 қазанда Түркістанда өтетін Turkistan Marathon – күзгі марафондар қарсаңында әуекомпания қатысушыларға промокодтар бойынша әуебилеттеріне 30% арнайы жеңілдік туралы еске салады.

«Жүгіру қозғалысын қолдау – FlyArystan-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы салауатты өмір салтын насихаттау стратегиясының бір бөлігі. Біз Almaty Marathon-мен серіктестікті жалғастырып, қатысушыларға спорттық шараларға сапарын ыңғайлы әрі тиімді етуге қуаныштымыз. Жүгіру адамдарды біріктіреді, қозғалысқа және дамуға шабыттандырады, ал біздің міндетіміз – өзге қалалардан келетін қатысушыларға стартқа жетудің қолжетімді әрі ыңғайлы жолын ұсыну», - деді «FlyArystan» АҚ президенті Ричард Леджер. 

Жеңілдік марафон өтетін қалаларға/қалалардан орындалатын әуе сапарларына науқан шарттарына сәйкес күндерде қолданылады. Ол FlyArystan-ның Қазақстан бойынша тікелей және тоғысу рейстеріне жарамды. Сапар күндері марафонға дейінгі немесе кейінгі екі күнді қамтуы тиіс.

Промокодпен билеттерді әуекомпаниясының www.flyarystan.com ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Кодты төлем алдындағы соңғы бетте автоматты түрде пайда болатын арнайы жолаққа енгізу қажет.

Жүгіруге тіркелгеннен кейін қатысушылар промокодты Almaty Marathon ұйымдастырушыларынан алады. Промокод бір реттік және тек бір әуебилетін стандартты тариф бойынша* (жинақтар мен алымдар есепке алынбайды) сатып алуға қолданылады. Осыған байланысты сапарды жоспарлап, билетті бірден екі бағытқа алу ұсынылады.

FlyArystan-ның стандартты “Тиімді” тарифіне салмағы 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56×23×36 см) бір қол жүгі және борттағы кездейсоқ орын кіреді. Әрбір старт алдындағы кезеңде қатысушылар арасында FlyArystan әуебилеттері ойнатылады.

FlyArystan туралы: 

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап FlyArystan өз сертификатымен, FS коды бойынша тәуелсіз әуекомпания ретінде қызмет көрсетуде. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен кең ауқымды маршруттар желісі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023 және 2024 жылдары екі рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры туралы:

«Бірінші болу – батылдық» қоры – Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шараларының ұйымдастырушысы. Қор өз қызметін 2012 жылы өңірдегі алғашқы ауқымды марафон болып, жүгіру қозғалысының дамуына негіз салған Almaty Marathon-ды ұйымдастырудан басталды. Уақыт өте келе марафон халықаралық деңгейге көтеріліп, бүкіл әлемнен мыңдаған қатысушыларды тартатын шараға айналды. Бүгінде қор жыл сайын Almaty Marathon, Almaty Half Marathon, Astana Half Marathon және Turkistan Marathon-ды қоса алғанда онға жуық жүгіру жарыстарын  ұйымдастырады. Бұл жарыстарға жыл сайын 62 ел және 418 қаладан шамамен 40 000-ға жуық адам қатысады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:30

17:10

17:01

16:23

16:19

16:16

16:13

16:12

16:11

16:09

16:08

15:38

15:33

15:31

14:28

14:05

13:34

12:55

12:49

12:48

12:06

11:59

11:42

11:33