AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Fire show, иллюзионистер, жонглерлер, эквилибристт...

Fire show, иллюзионистер, жонглерлер, эквилибристтер мен сайқымазақтар алматылықтарға жаңа жылдық керемет қойылым сыйлады

Әлеумет 31.12.2024, 16:07 859 dulatbekova
Fire show, иллюзионистер, жонглерлер, эквилибристтер мен сайқымазақтар алматылықтарға жаңа жылдық керемет қойылым сыйлады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары үшін ауқымды мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

Астана алаңы мен Абай атындағы алаңда, Арбатта және Тұңғыш Президент саябағында виртуоз жонглерлер, эквилибрист шеберлері, иллюзионистер, көңілді клоундар, сондай-ақ Аяз ата мен Ақшақар өнер көрсетті. Олар көрермендерге нағыз жаңа жылдық атмосфера сыйлады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы циркінің өнерпаздары көрермендерді fire show-мен таң қалдырды: артистер лапылдап жанған құралдармен жонглерлік етіп, түрлі трюктер көрсету арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Эквилибрист болса биіктігі алты метрге дейінгі құрылымды орната отырып, бас айналатын биіктікте аса күрделі трюктерді орындап, көрермендерді таң қалдырды.

Азия және Қазақстан Республикасының чемпионы, армрестлингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаевтың өнері де әсерлі болды. Оның ауыр заттармен жонглерлік етуі, қолмен шегелер қағуы және жылытқышты шар сияқты үрлеуі сынды алып-күш иесінің шоуы кештің ең жарқын сәттерінің біріне айналды.

Мерекелік бағдарламада үйретілген иттердің өнері, сайқымазақтардың қатысуымен қойылған ойын-сауық нөмірлері, иллюзионистердің сиқырлы көріністері мен интерактивті байқаулар болды. Аяз Ата мен Ақшақар барлық қатысушыға мерекелік көңіл-күй сыйлап, би ұйымдастырып, ойындар өткізіп, Алматы халқын келе жатқан 2025 жылмен құттықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңа жыл #Қойылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);