AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Финляндия АЭС қалдықтарын сақтаудың жаңа тәсілін т...

Финляндия АЭС қалдықтарын сақтаудың жаңа тәсілін тапты

АЭС: Референдум 11.09.2024, 12:11 1,842
Финляндия АЭС қалдықтарын сақтаудың жаңа тәсілін тапты
Фото: Stimson Center

Финляндия энергиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және климат өзгерісімен күресу мақсатында атомдық энергияны басым бағыт ретінде таңдаған ел. Еуропадағы ең қуатты атом электр станциясы да осы елде орналасқан.

Финляндиядағы Еуропа бойынша ең қуатты атом реакторы сәуір айында пайдалануға берілді. Жақында осы елде ядролық отын қалдықтарын сақтайтын әлемдегі тұңғыш геологиялық сақтау базасы іске қосылмақ.

Ядролық отын қалдықтарын сақтайтын қойма жерден жарты шақырым тереңдікте орналасқан. Яғни, Финляндияның батыс теңіз жағалауындағы табиғи жыныстардың астында 433 метр тереңдікте салынған. Оған жету үшін 50 шақырымнан астам туннель қазылған. Құрылысты аяқтауға 20 жыл уақыт жұмсалған.

  • Ядролық отын қалдықтарын сақтауға геологтар бұл орынды арнайы таңдаған. Себебі, жер астындағы бұл табиғи орын кем дегенде 2 миллиард жылдан бері тұрақтылығын сақтап келеді. Ғалымдардың пікірінше, 100 мыңдаған жыл сақтауға тиіс ядролық отындар үшін бұндай табиғи орта өте қолайлы.
  • Финляндия Еуропада атом электр станцияларын қолданушы елдердің бірі. Сәуірде ғана елде Еуропа бойынша ең қуатты ядролық реактор іске қосылды. Сонымен бірге, Финляндия жақында ядролық отын қалдықтарын сақтаушы геологиялық құрылысын да аяқтау алдында тұр.
  • Финляндияда пайдаланылғалы отырған бұл ядролық отын қалдықтарын сақтау базасы әлемде алғаш рет іске қосылғалы отырған геологиялық база болмақ. Құрылысты аяқтауға 20 жыл уақыт жұмсалған.

Финляндияда қазір 5 атом электр станциясы жұмыс істеп тұр. Ел халқының басым бөлігі атом энергиясын пайдалануды қолдайды. Аталған жоба аяқтала салысымен, жер бетіне таяу бассейндерде сақталып тұрған жалпы көлемі 6,5 мың тонна ядролық қалдықтар сол жерге көшірілмек. Бұл арқылы Финляндия ядролық отын қалдықтарын қауіпсіз сақтаушы елге айналуы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Финляндияда #Ядролық отын #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Бүгін 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Бүгін 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Бүгін 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Бүгін 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);