Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Филолог-ғалым Сұлтан Оразалин дүниеден өтті

Филолог-ғалым Сұлтан Оразалин дүниеден өтті

Тұлға 23.08.2021, 09:06 2,086
Филолог-ғалым Сұлтан Оразалин дүниеден өтті
Сурет: Әдебиет порталы

Сұлтан Шәріпұлы Оразалин – журналист, жазушы, теледраматург, қоғам қайраткері. Қазақ телевизиясының құрметті ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық телевизия және радио академиясының академигі. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының және Қазақстан Президентінің журналистика саласындағы сыйлығының иегері.


Белгілі филолог-ғалым Сұлтан Оразалин дүние салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Сұлтан Оразалиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтты. 



«Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды. Алаштың ардақтысы, тіл жанашыры, белгілі филолог-ғалым, қазақ радиосы мен телевизиясына ерекше еңбегі сіңген асыл ағамыз Сұлтан Оразалин дүние салды. Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, туған тілінің тұғырын, ұлтының ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығармашылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті. Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жас мемлекеттің игілігіне қызметке келіп, ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кіріскен Сұлтан ағамыз жылдар өте Үкімет пен Президент жанындағы түрлі алқалардың айнымас мүшесі, ақылман абызына айналды. Отандық тіл саясаты, өнер мен мәдениет мәселелеріне қатысты құнды ғылыми ізден істері мен кесек ойлы шығармалары өскелең ұрпақтың ілім-біліміне қосылған үлкен мирас еді. Амал қанша…ажалға араша жоқ. Десе де, ұлы тұлғаның осынау ұлық жолы мен өнегесі оның өмірінің рухани жалғасы боп мәңгілікке ел есінде қалады. Жатқан жеріңіз жарық, иманыңыз берік, топырағыңыз торқа болсын, асыл аға! Осынау қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтамын», - деп жазды Аида Балаева желідегі парақшасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #журналист #филолог #Оразалин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика