AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ФИДЕ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

ФИДЕ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Әлеумет 02.05.2023, 08:08 1,264
ФИДЕ президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Сурет: Akorda.kz

Халықаралық шахмат федерациясының басшысы Аркадий Дворкович құрмет көрсеткені үшін Президентке алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 



«Біздің соңғы кездесуімізден бері 7 айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында Сіздің жан-жақты қолдауыңызбен Қазақстанда бес әлем чемпионатын өткіздік. Шахмат спорты Қазақстанда қаншалықты танымал екеніне куәміз. Цифрлар таңғалдырады. Әрі ол келешекте арта түседі. Мен бұған сенімдімін. Өйткені, мемлекет пен демеушілер тарапынан көрсетілетін қолдау әрқашан жақсы нәтиже береді», - деді ФИДЕ президенті.



Аркадий Дворковичтің айтуынша, әлем чемпионатының аясында көптеген қосымша жарыстар өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның әйелдер құрамасының әлем құрамасына қарсы ойыны, балалар турнирлері, әлемнің жетекші шахматшыларының қатысуымен шеберлік сағаттары мен бір реттік ойын сеанстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ол биыл жазда Қазақстанда алғаш рет мектептер арасында әлем чемпионатын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жарысқа кемінде 80 елдің өкілі қатыспақ.


Қытай гроссмейстрі Дин Лижэнь осы матчқа шақырту алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.



«Сізбен кездесу – біз үшін зор мәртебе. Осы турнирге қатысып, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Ойыннан керемет ләззат алдым», - деді ол.



Өз кезегінде гроссмейстер Ян Непомнящий Қазақстанда шахматқа қызығушылық жоғары екеніне назар аударды.



«Матч ұйымдастырушыларына, еліңізге алғыс айтамын. Сіздің еліңізде шахматқа деген қызығушылық ұдайы артып келе жатқанын көріп отырмын. Федерацияның жаңа басшылығымен дұрыс бағытта дамып жатырсыздар», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ФИДЕ #президент #алғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);