AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Фейк: Халықаралық банктің құпия құжатында пандемия...

Фейк: Халықаралық банктің құпия құжатында пандемияның 2025 жылға дейін созылатыны жазылған

Коронавирус 11.09.2021, 15:21 1,137
Фейк: Халықаралық банктің құпия құжатында пандемияның 2025 жылға дейін созылатыны жазылған
Сурет: Stopfake.kz

Пандемия туралы тағы бір жалған ақпарат тарады


Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде «пандемия тек 2025 жылы аяқталады» деп жазылған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық даму қауымдастығы құжатының скриншотын таратып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Желі қолданушылары айтып отырған құжат бар және баршаға қолжетімді. Онда COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатыны туралы болжам жасалмаған. Іс жүзінде құжатта «осы жаһандық пандемиямен және оның салдарымен күресте ХДҚ және ХҚДБ бағдарламасына қатысуға құқығы бар елдерге» көмек пен қолдау көрсету тетіктері сипатталған.


Бұл тізімге Ауғанстан, Аргентина, Кабо-Верде, Камбоджа, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эквадор, Эфиопия, Гамбия, Гана, Гаити, Үндістан, Кения, Қырғыз Республикасы, Мальдив, Мавритания, Моңғолия, Пәкістан, Парагвай, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сьерра-Леоне, Шри-Ланка, Тәжікстан және Йемен кірген. Яғни, құжат пандемияны жоспарлауға емес, мұқтаж елдерге көмек таратуға арналған. Бұл бағдарлама 2020 жылдың 2 сәуірінен 2025 жылдың 31 наурызына дейінгі кезеңге арналған.


Яғни, осы кезеңде банк COVID-19 пандемиясы кезінде қолдауды қажет ететін елдерге барынша көмек көрсетеді. Халықаралық қайта құру және даму банкінің пандемия жариялауға немесе оны ұзартуға құқығы жоқ. Сонымен қатар, пандемияның аяқталуы белгілі бір органдардың мәлімдемесіне емес, бүкіл әлемдегі COVID-19 аурушаңдық деңгейіне байланысты. Демек, желіде табылған құжат Халықаралық қайта құру және даму банкінің қызметкерлері қандай да бір құпия ақпаратты білетінін емес, банктің мұқтаж елдерге көмек көрсететінін ғана дәлелдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фейк #банк #құпия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);