AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Евгений Мұхамеджанов: «Жаңартылған конституцияда э...

Евгений Мұхамеджанов: «Жаңартылған конституцияда экология басты басымдықтың біріне айналды»

Әлеумет 01.07.2026, 10:36 305
Евгений Мұхамеджанов: «Жаңартылған конституцияда экология басты басымдықтың біріне айналды»

Эколог, ECO Network жобасының негізін қалаушы, EN Social қоғамдық қорының директоры Евгений Мұхамеджанов Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметіне Қазақстанның жаңартылған конституциясы туралы пікір білдіріп, онда экология мен экологиялық тәрбиенің маңызы арта түскеніне ерекше тоқталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, жаңартылған конституция құрылымы жағынан жүйеленіп, еліміздің қазіргі даму басымдықтарын айқындап берген. Оның пікірінше, экологиялық мәдениеттің ерекше маңызға ие болуының конституциялық деңгейде бекітілуі негізгі өзгерістің бірі болыпты.

«Жаңартылған конституцияда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше мән берілгені қуантты. Табиғат – бізге аманат етіп берілген баға жетпес байлық. Оны келер ұрпаққа аман жеткізу – міндетіміз», – дейді.

Ол қоғамның қоршаған ортаға, адамдар мен елдің болашағына деген көзқарасы ең алдымен мәдениет деңгейімен айқындалатынын атап өтті. Экологтың пікірінше, материалдық байлық пен мемлекеттің қуаты мінез-құлық мәдениетінің орнын баса алмайды ешқашан.

«Егер адам мәдениетті болса, ол табиғатты қорғайды, айналасындағыларға жанашыр болып, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінеді. Сондықтан экологиялық мәдениет балабақшадан, мектептен, жоғары оқу орнынан бастап қалыптасып, адамды өмір бойы сүйемелдеуі тиіс», – деді сарапшы.

Евгений Мұхамеджанов экология мәселесіне ерекше көңіл бөлгені үшін жаңартылған конституцияны әзірлегендерге алғыс білдірді. Оның айтуынша, экологиялық мәдениет қағидатының конституция деңгейінде бекітілуі жауапты қоғам қалыптастырып, Қазақстанның тұрақты дамуына жол ашпақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);