Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / EuroSkills Herning 2025: Дайындық басталды

EuroSkills Herning 2025: Дайындық басталды

Барлығы 04.08.2025, 16:32 1,031
EuroSkills Herning 2025: Дайындық басталды
Сурет: Самат Құсайынов

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің базасында EuroSkills Herning 2025 халықаралық чемпионатына WorldSkills құзыреттері бойынша Қазақстанның Ұлттық құрамасына арналған психологиялық дайындық жұмыстары өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Іс-шараға Ұлттық құраманың 50 өкілі қатысып, бір бөлігі Еуропаның ең беделді кәсіби чемпионаттарының бірі – EuroSkills Herning 2025 байқауында ел намысын қорғайтын болады.

Психологиялық дайындықты жуырда ЮНЕСКО клубтарының Ұлттық Федерациясының ресми клубы мәртебесін алған «Жаңа Ұрпақ» білім беру қозғалысы ұйымдастыруда. Жоба 10 жыл ішінде Қазақстан мен өзге елдердің 17 000-нан астам жасын қамтып, олардың көшбасшылық, коммуникативтік және командалық дағдыларын дамытуға үлес қосты.

«Бағдарламаның мақсаты – қатысушылардың төзімділігін арттыру, өзін-өзі реттеу, командалық өзара әрекеттесу және халықаралық жарыстарда сенімділік дағдыларын дамыту. Шара аясында сертификатталған жаттықтырушылар мен психологтардың қатысуымен шеберлік сабақтары, топтық тренингтер және жеке сессиялар өткізіледі. Бұл психологиялық дайындық арқылы қатысушылардың бір-бірімен байланысы нығая түспек», – деді «Талап» ҰАО Worldskills қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Лаура Болатбекқызы.

Айта кетейік, 2025 жыл Қазақстанда «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған еді. Демек, аталмыш дайындықтың да мақсаты – жастар арасындағы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және оларды кеңінен насихаттау. EuroSkills – Еуропадағы ең ірі жұмысшы кәсіптер чемпионаты. Ол екі жылда бір рет өткізіліп, 25 жасқа дейінгі жас мамандарды біріктіреді. Жарыс өнеркәсіптік өндірістен бастап қызмет көрсету саласына дейін 40-тан астам құзыреттілікті қамтиды. Биыл 30-дан астам елдің қатысушыларының басын біріктіретін чемпионат Данияның Хернинг қаласында өтеді.

"Бағдарым –  қонақ үй шаруашылығы құзыреттілігі. Қыркүйек айында  болатын чемпионатқа дайындығымыз керемет. Шыны керек, басында немқұрайлы қарадым. Жаттықтырушыммен таныс болғаныммен, дайындықтың жоғары деңгейде болатынына бастапқыда сенбеп едім. Мәселен, бізде жақында ғана 6 сағаттық тәжірибе болды, бірақ оны 4 сағатта бітірдік. Спорт залдың ортасынан екі жіп тартылып, бәріміз жіптің бергі жағында тұрдық. Басты шарт – 50 адамның сол жіпке тимей, ортасынан өтуі. Алдағы турнирдің мақсаты жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын көрсету деп санаймын. Бұл – менің халықаралық аренадағы екінші жарысым. 2024 жылы Францияда өткен жарыста өнер көрсеткен едім" дейді қатысушы Жанель Сағындық. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#психология #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика