AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Еуропада газ бағасы қайта қымбаттады

Еуропада газ бағасы қайта қымбаттады

Әлем 23.08.2022, 16:30 1,262
Еуропада газ бағасы қайта қымбаттады
Сурет: Inform.kz

Алдыңғы рекордтан 10%-дан астам жоғары


Нидерландыдағы TTF сауда алаңында газ бағасы қайта қымбаттады. Сейсенбі күні таңертең бір мегаватт-сағат электр энергиясының құны 291 еуроға дейін көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Дүйсенбі, 22 тамыз күні TTF хабындағы сауда 1 МВт/сағ үшін 276 еуромен аяқталған. Бұл өткен жұмада орнатылған бір МВт/сағ 244,55 еуроны құраған алдыңғы рекордтан 10%-дан астам жоғары.
Бүгін таңертең баға 291 еуроға дейін көтерілген. Олай болғанымен, жергілікті уақыт бойынша 14:25-те газ бағасы 271 еуроға дейін төмендеді. Дегенмен, мамандар газдың қазіргі бағасы жылдың осы мезгілінде әдеттегіден 15 есе жоғары екенін атап өтті.
Газ бағасы ресейлік «Газпром» компаниясының 31 тамыздан бастап «Северный поток» газ құбырында үш күндік жөндеу жұмыстарын жүргізетіндігі туралы мәлімдемесімен байланысты көтерілген.
Демалыс күндері неміс саясаткерлері газбен қамтамасыз ету жағынан қиындықтар туындайтынын ескертті. Бұған қатысты алаңдаушылығын Бельгияның премьер-министрі Александр де Кроо да білдірген. Дүйсенбіде сөйлеген сөзінде А.Кроо алдағы айлар мен қыстың ғана емес, «алдағы бес-он қыстың да қиын болатынын» айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еуропа #газ #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарашада неше күн демалыс бар?

Бүгін 12:15

Алматы қаласының алдағы аптадағы ауа райы болжамы

Бүгін 10:10

Алматыда Ideathon by QYZfond аясында 800-ден астам студент қыз 10 жетекші компанияға инновациялық жобаларын ұсынды

Кеше 18:46

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:18

Алматыда Брайль қарпіндегі кітап пен аудиокітап шығару технологиялары таныстырылды

Кеше 16:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);