ffin.kz

Еуропада 5 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады

Еуропада 5 жастан асқан балаларға вакцина салына бастады Сурет: Сoronavirus2020.kz

Қаңтар айында Еуропада коронавирустың «омикрон» штамына шалдығушылар саны артатыны болжанып отыр.


Британияда пандемия басталғалы вирусты жұқтыру оқиғаларының рекордтық саны тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап


Pfizer компаниясы ковидті емдеуге арналған жаңа дәрі шығарды. Еуропа 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина салуға дайындық жүргізуде. Украина індетке қатысты шектеулерді тағы үш айға созды. 


Еруокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен коронавирустың «омикрон» нұсқасының қаңтар айында Еуропада басым болатынын ескертті. Бұл ретте ол Еуроодақ елдерінде вируспен күрес жүргізу үшін вакцина жеткілікті екенін атап өтті. «Ауруға шалдығудың жаңа оқиғаларының саны әрбір екі не үш күн сайын еселеніп келеді және бұл үлкен көрсеткіштер. Ғалымдардың айтуынша, қаңтардың ортасына қарай «омикрон» Еуропада жаңа доминантты нұсқа болатынын күтуге болады», - деді фон дер Ляйен Европарламентке. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың жаңа нұсқасының әлемде үлкен қарқынмен таралып отырғанын еске салуда. "Омикронды" жұқтыру оқиғалары 77 елде расталды. Осы арада, АҚШ-та коронавирус жұқтырып қайтыс болған адамдар саны 800 мыңнан асқан – бұл әлем бойынша ең жоғары көрсеткіш. «Омикрон» белгілері өзге нұсқаларға ұқсамайды Оксфорд университетінің профессоры Джон Белл «омикрон» белгілерінің коронавирустың басқа нұсқаларынан ерекшеленетінін айтуда. Оның сөзінше, вирустың бұл нұсқасына шалдыққан адамдардың бұлшық еті, әсіресе арқасы ауырып, мұрны бітеледі, асқазаны қабынып, іші өтеді. Миалгия, яғни бұлшық еттің ауыруы – жаңа нұсқаның ерекше белгісі, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мұның себебін әзірге түсіне алмай отыр. Д. Белл «омикронның» белгілері жайлы түсінік болғанымен, оның басқа ерекшеліктерін әлі де анықтау қажет екенін айтуда.


Pfizer ковидті емдеуге арналған жаңа дәрі шығарды. Pfizer компаниясы коронавирус салдарын емдеуге арналған жаңа Paxlovid препаратының тиімділігін мәлімдеді. Препарат қауіп тобындағы адамдар арасында ауруханаға жату және өлім жағдайларын 90 пайызға азайтты. Тестілеуге 2,2 мыңнан артық волонтер қатысқан. Алынған мәлімет қараша айында жарияланған нәтижені растап шығарды. Компания бірде-бір елде қолдануға рұқсат етілмеген Паксловид препараты зертханалық сынақта коронавирустың «омикрон» нұсқасына қарсы тиімділігін таныта алғанын мәлімдеді. Паксловид екі препарат - жаңа тәжірибелік дәрі Нирматрелвир мен АИТВ-ға қарсы қолданылатын вирусқа қарсы Ритонавир препараттарының қосындысы. Бұл дәріні бес күн қабылдау қажет. Тағы бір препарат - Merck компаниясы шығарған Молнулиравир Ұлыбританияда қолдануға рұқсат етілген. Алайда зерттеу қорытындылары Молнулиравирдің ауруханаға жатқызу және өлім оқиғаларының санын небәрі 30 пайызға төмендеткенін көрсетті, оны қолдану қауіпсіздігіне де қатысты сұрақтар туындаған. Оған қарағанда, Pfizer компаниясы шығарған препараттың нәтижелілігі көп.


Италия елге кіру ережелерін күшейтті. Италия бейсенбіден бастап ЕО-ның басқа елдерінен кіру ережелерін күшейтеді. Енді елге кірмек болған адамдар коронавирусқа тест тапсырып, вакцина алмағандар бескүндік карантинге жатқызылады. Бұған дейін Италияға ЕО елдерінен келушілер вакцина туралы куәлік, сауыққаны немесе коронавирусқа қарсы тест тапсырғанын растайтын анықтама ұсынып келген. Вакцина алмаған саяхатшылар карантинде оқшауланады, екпе салдыртқандар тестің теріс нәтижелерін ұсынуы тиіс. Жаңа шаралар мерзімі - 16 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығы.


Еуропа балаларға вакцина сала бастайды. Сәрсенбі күні Еуропаның бірнеше мемлекеті 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина сала бастады. Бұл шара вирустың «омикрон» нұсқасының жылдам таралуы жағдайында мектептердің жабылып қалмауы мақсатымен жүргізілуде. Германия, Испания, Грекия және Венгрия кіші жастағы балаларға екпе сала бастады. Дәрігерлер вакцинаның ата-аналар тарапынан үлкен сұранысқа ие болғанын айтып отыр. Грекияның Білім министрі Ники Керамеус кішкентай баласына вакцина салдырту үшін афиналық ауруханаға алғашқылардың қатарында келген. Бүгінде елде 30 мыңнан астам бала екпе алуға жазылған. «Омикрон» жұқтыру оқиғаларының көп саны тіркелген Дания мен Австрияның кейбір аймақтарында кіші жастағы балаларға екпе салдырту ұсынысы қарашада түскен. Ірі елдер арасында балаларға екпе салдыртқан – Құрама Штаттар, бүгінде елде 5-11 жас аралығындағы бес миллионнан астам балаға вакцина егілді. Германияның кейбір қалаларында балаларға екпені мұражайлар мен хайуанаттар бағында салу жоспарланып отыр, басқаларында мектеп сыртындағы мобильдік бригадалар құрылмақ. Испанияда 5-11 жас аралығындағы балаларға екпе салу науқаны басталуда – бұл топқа шамамен 3,3 миллион адам кіріп отыр. Еуропаның бірқатар елдері, соның ішінде Италия, Португалияя, Польша, Балтық елдері және Чеехия осыған ұқсас науқандарды алдағы күндері іске асырмақ. Украина ковидке қатысты шектеулерді тағы үш айға созды Украин үкіметі пандемияға байланысты шектеулерді желтоқсан соңынан бастап тағы үш айға – 31 наурызға дейін созады. Бұған елде вакциналаудың төмен деңгейі себеп болуда. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль мәлім етті. Оның түсіндіруінше, бұл көпшілік орындарға ковид-сертификаттармен кіру, маска тағу және қашықтықты сақтау ережелері өз күшінде қалатынын білдіреді. Премьер шектеулердің елдегі тұрғындардың 70 пайызы вакцина салдыртпайынша сақталатынын қосып өтті. Украина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдегі 41 млн халықтың 12,6 миллионы ғана ковидке қарсы вакцинаның екі дозасын салдыртқан, бұл ретте ауру жұқтырудың 3,6 млн оқиғасы мен 92 мыңға жуық өлім оқиғасы тіркелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04