AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Еуропалық Одақ...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Еуропалық Одақ стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды

Әлем Бүгін 17:39 52 yakiya
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Еуропалық Одақ стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңін бастайды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына арналған авторлық мақаласында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің келесі кезеңін қалыптастыруға бағытталған үш негізгі стратегиялық мақсатты атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2015 жылы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына он жыл толды. Еуропалық Одақ қазір Қазақстанның   сауда мен инвестициядағы ең үлкен серіктесі болып отыр.

Еуропаның мыңдаған компаниясы елімізде табысты жұмыс істеп, пайда тауып қана қоймай, Қазақстан экономикасын жаңғыртып, әртараптандыруға үлес қосып келеді.

Бұл бұрын да үлкен жетістік болды, қазір де солай. Алайда, әлем жылдам өзгеріп жатқан кезде бұл жеткілікті ме? Менің ойымша, жоқ.

Мен Брюссельге айқын мақсатпен және нық сеніммен оралып отырмын: Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік бүгін бұрынғыдан да маңызды. Сондықтан оны одан әрі нығайту қажет.

Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы: екі тарап үшін үш стратегиялық мақсат

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың келесі кезеңі екі тарап үшін мынадай үш стратегиялық мақсатқа бағытталуы тиіс:

1. Тұрақтылықты нығайту;

2. Барлық саладағы өзара байланыстарды кеңейту;

3. Азаматтарға жаңа мүмкіндік қалыптастыру.

Бұл қажет, өйткені бұрынғы геосаяси алғышарттар енді жұмыс істемейді. География мен күш факторы қайтадан алдыңғы қатарға шықты.

Күшейіп келе жатқан бәсекелестік сауда, технология мен инвестиция ағындарының бағытын жылдам өзгертіп жатыр. Жаһандық жеткізу тізбектері қайтадан осал бола түсті. Экономикалық өзара тәуелділік барған сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесінің ықпалына түсіп барады.

Мұндай жағдайда мемлекеттер не бір-біріне қарсы блоктарға бөлінеді, не өзара құрмет пен ортақ мүддеге негізделген жаңа серіктестік құрады.

Қазақстан мұны жақсы түсінеді: біздің географиялық орналасуымыз құрлықтардың тоғысқан жерінде болса, сыртқы саясатымыз оларды байланыстыруға бағытталған.

Қазақстанның байланыстырушы рөлі экономикалық қуатпен нығаюда

Бұл байланыстырушы рөл экономикалық әлеуетпен де күшейіп келеді. 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсіп, жалпы ішкі өнім көлемі 306 миллиард АҚШ долларына жетті.

Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес, 2026 жылы ЖІӨ көлемі 360 миллиард доллардан аспақшы. Ірі әрі серпінді Қазақстан – Еуразияның дәл ортасындағы Еуропа үшін мықты серіктес.

Кез келген саяхатшы жол қаншалықты белгісіз болса, соншалықты сенімді серіктің керектігін жақсы біледі.

Әлемдегі белгісіздік күшейген сайын Қазақстан мен Еуропа дәл осындай сенімді серіктерге айналып отыр. Халықаралық ынтымақтастыққа қатысты біздің теңгерімді, прагматикалық және сындарлы ұстанымымыз өзгерген жоқ.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына берік адал болып қала береміз. Диалог пен жанжалды бейбіт жолмен шешуді басымдық ретінде қарастырамыз. Кей мәселеде көзқарасымыз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біз бір-бірімізді жақсы танимыз.

«Энергетикалық қауіпсіздік – өзара сенімнің айқын көрінісі»

Өзара тәуелділік тұрақтылықты күшейтеді. Мысалы, сенімділік қысқа уақыт ішінде стратегиялық маңызға ие болған энергетика саласын алайық.

Бүгінде Қазақстан Еуропалық Одаққа импортталатын мұнай мен мұнай өнімінің шамамен 13 пайызы мен табиғи уран жеткізілімдерінің 16 пайызын қамтамасыз етеді.

Энергетикалық қауіпсіздік – біздің өзара сеніміміздің, тұрақтылығымыздың және әлем тұрақсыз бола түскен жағдайда да міндеттемені орындау қабілетіміздің нақты дәлелі.

Неліктен осы тәсілді ауыл шаруашылығында қолданбасқа?

Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем үшін маңызды стратегиялық мәселеге айналды. Қазақстан – астық өндіру мен экспорттау бойынша әлемдегі жетекші елдің бірі және еуропалық нарықтарға өнім жеткізуді әртараптандыру тұрғысынан зор әлеуетке ие.

Сонымен қатар еуропалық білім, технологиялар мен инвестициялар елімізде терең өңдеу өндірісін және жоғары қосылған құнды агроөнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік береді.

Сол сияқты тұрақты өсімге көшу жаһандық экономикадан бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ынтымақтастықты талап етеді.

Стратегиялық маңызды шикізат, жаңартылатын энергия технологиялары, энергия тиімділігі және жаңа өндірістік экожүйелер болашақтағы бәсекеге қабілеттіліктің негізін қалыптастыруда.

Бұл бағытта Қазақстан елеулі ресурстар мен өндірістік әлеует ұсына алады, ал Еуропа тәжірибе, технология және инвестициямен жауап бере алады. Нәтижесінде екі экономиканың да өсімі мен тұрақтылығы артады.

Қауіпсіз және тиімді көлік бағыттары – стратегиялық күретамырлар

Ынтымақтастықтың алғашқы он жылдығына сүйене отырып, біздің экономикалық қатынастарымызды «шикізатқа айырбас инвестиция» моделінен технология трансфертіне, ғылыми зерттеулерге, бірлескен кәсіпорындарға және терең өңдеуге негізделген жаңа деңгейге көтеретін уақыт келген жоқ па?

Қазақстанда біз қауіпсіз әрі тиімді көлік дәліздері ежелгі Ұлы Жібек жолы сияқты әрдайым стратегиялық күретамыр болғанын жақсы түсінеміз.

Сондықтан біз Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орта дәлізді дамытудамыз. Бұл бастама ЕО-ның Global Gateway стратегиясымен табиғи түрде үндеседі.

Алайда өзара байланыс тек тауарларды жылдам тасымалдаумен шектелмейді.

Орта дәлізді Еуропа нарықтарын Орталық Азияның ресурстарымен, өндірістік әлеуетімен және логистикалық мүмкіндіктерімен байланыстыратын жаңа экономикалық жүйенің негізі ретінде қарастырған жөн.

Шынайы өзара байланыс әрқашан жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ол нарықтарды біріктіреді, инвестицияларды ынталандырады, кәсіпкерлікті қолдайды және қоғамдарды жақындастырады. Географиялық артықшылықтарды экономикалық мүмкіндікке айналдырады.

Жасанды интеллект, цифрлық басқару және инновациялар

Біздің серіктестігіміз болашақтағы өркендеуді қамтамасыз ететін технологияларды да қамтуы тиіс.

Жасанды интеллект, цифрлық басқару, инновациялық экожүйелер мен сенімді технологиялар экономикалық бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық тұрақтылықтың басты факторларына айналуда.

Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, деректерге негізделген басқаруды дамыту және жасанды интеллектке инвестиция салу арқылы заманауи цифрлық мемлекет құруды мақсат етіп отыр.

Біз технологиялық прогресс қауіпсіз, инклюзивті әрі адам мүддесіне бағытталған болуы үшін еуропалық технологиялық компаниялармен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз.

Ең бастысы, нағыз стратегиялық серіктестік азаматтарға нақты пайда әкелуі керек.

Визалық режимді жеңілдету мәселесінде айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Бұл студенттерге, зерттеушілерге, кәсіпкерлер мен отбасыларға сапарларды қолжетімді әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Білім, ғылым және инновация саласында жаңа серпін қажет

Біз білім, ғылым және инновация саласындағы мақсаттарымызды қайтадан жоғары деңгейге көтеруіміз керек.

Қазақстанның Erasmus+ және Horizon Europe бағдарламаларына қатысуы осы бағыттағы мүмкіндіктің қаншалықты кең екенін көрсетіп отыр.

Бізге академиялық ұтқырлықты кеңейтіп, ғылыми ынтымақтастықты күшейтіп, бірлескен инновациялық жобаларды көбейтіп, жастарға жаңа мүмкіндік ашу қажет.

Уақыт ешкімді күтпейді.

Қазақстан Еуропалық Одақпен серіктестіктің келесі онжылдығына терең жаңғыру кезеңінен өтіп жатқан мемлекет ретінде қадам басып жатыр. Біз тұрақтылық ең алдымен ел ішінде қалыптасарына сенеміз.

Жаңа Конституциямыз тәуелсіздік алғаннан бергі ең ауқымды саяси жаңғыру болды. Ол заң мен тәртіпке негізделген, адам құқығы мен бостандығын құрметтейтін әділетті мемлекетте өмір сүруге ұмтылатын жаңа буынның үміт-тілегін бейнелейді.

Сонымен бірге Конституция «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» қағидатына негізделген саяси және экономикалық реформаларды бекітті.

Біз серіктестеріміз бен инвесторларымыз Қазақстаннан жаңа нарықтарды ғана емес, сонымен қатар тұрақты ережелерді, болжамды, әділ әрі ашық экономикалық басқаруды табуын қалаймыз.

Өткен онжылдық біздің серіктестікті табысты дамыта алатынымызға сенім берді. Алдағы онжылдыққа көз жүгіртсек, бұл серіктестік нақты әрі маңызды нәтижелер әкелуі тиіс екеніне кәміл сенімдімін.

Жақсы жаңалық – Еуропа мен Қазақстанда бұл серіктестікті нығайту үшін қажетті құралдар мен ресурстардың басым бөлігі қазірдің өзінде бар. Қалғанын біз бірге жасаймыз.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 22–23 маусым күндері Еуропалық Одақ басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Брюссель қаласына сапармен барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қуыршақ театры «Шомбай-fest» халықаралық фестивалінің жеңімпазы атанды

Бүгін 17:42

Алматыда автобус жүргізушісі көз жұмды

Бүгін 17:20

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Бүгін 15:24

Алматы тұрғындарына күн өту мен ішек инфекцияларынан сақтану жолдары ескертілді

Бүгін 15:03

Алматы дәрігері балалар мен ересектердегі күн өтудің белгілері туралы еске салды

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);