AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі

Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі

Әлеумет 27.09.2022, 13:17 1,916 Almaty-akshamy
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі
Сурет: Ашық дереккөз

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы әкімдігі, Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі және университеттік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Семинардың негізгі міндеті – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, этносаралық қарым-қатынас жасай отырып, рухани құндылығымыз болған, мемлекеттік тілді нығайту саласында жастар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.


Семинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-ның Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланұлы, «Ирныхас» осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, қоғам қайраткері Қазбек Мамсуров, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласының Қоғамдық келісімінің мүшесі, Республикалық ұйғырлар бірлестігінің жетекшісі Акимжан Арупов, Т.К.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Қазақстан тарих пен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушысы, заң магистрі Тауенов Қанатбек, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан халқы Ассамблея кафедрасының меңгерушісі Гүлжиһан Шахарман, университеттік «Бірлік» студенттік ассамблеясының студенттері, институттардың директорат өкілдері және профессор оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. 
Спикерлер мен қонақтар студенттерге еліміздегі этносаралық мәдениетті қалыптастыру негіздері мен оның моделі, көпұлтты мемлекет болуымыздың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды.




«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті көптеген жұмыстар атқаруда. Оқу орнымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен «Бірлік» студенттер ассамблеясы жұмыс істейді. Олар өз жұмыс жоспары бойынша қоғамның одан ары бірігуі, этноконфессионалдық қатынастарды үйлестіру, этносаралық келісімді нығайту, этносаяси бағыттағы оқу-тәрбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін насихаттаудың бірыңғай әдіснамалық және практикалық жолдарын ұсыну бағытында күш жұмылдырады», – деді проректор Шыңғыс Нұрланов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ассамблея #қоғам #бірлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда HACKATHON 2026 өтті

Бүгін 21:39

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика