AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Этно-шик стилінде жұмыс істейтін алматылық суретші...

Этно-шик стилінде жұмыс істейтін алматылық суретшінің еңбектері шетелдіктердің назарын аударды

Әлеумет 24.03.2025, 12:15 604
Этно-шик стилінде жұмыс істейтін алматылық суретшінің еңбектері шетелдіктердің назарын аударды
видеодан алынды

Алматылық суретші-иллюстратордың еңбектері әлеуметтік желіде мыңдаған қаралым жинап, тіпті шетелдіктердің назарын аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24KZ-ке сілтеме жасап. 

Мария Ильницкая этно-шик стилінде жұмыс істейді, ұлттық мәдениетті заманауи бағытпен үйлестіреді. Соңғы жұмыстарының бірі – №2 Оқушылар үйінің қабырғасындағы «Білім» муралы. Бұл туындыны жергілікті жұрт жылы қабылдады. Ашық, қанық түстерге бай, көңілге қуаныш ұялатады.

Өнерсүйер қауым Мария Ильницкаяның жұмыстарын дәл осылай сипаттайды. Әлеуметтік желілерде белсенді.

Ерекше техникасы мен кеселерді бейнелеуге деген құштарлығы оның қолтаңбасын даралайды. Мария бейнелеу өнерін 12 жасында бастаған. Ал этно-шик жанрында сурет сала бастағанына 5 жыл болды. 

Мария Ильницкая, суретші-иллюстратор: - Мен басқа елдерде тұрғанда этностың жоғары бағаланатынын байқадым. Қазір үлкен толқын, үлкен үрдіс бар – біз қайдан келдік, ата-бабаларымыз кім болған, түп-тамырымыз қандай деген сұрақтарға назар аудара бастадық. Сондықтан осындай әдемі үйлесім – заманауи, жаһанданған әлем мен терең мәдени мұраны ұштастыру этно-шик деп аталатын бағыттың пайда болуына себеп болды.

Қазір цифрлық иллюстрация көп қолданылады. Алайда Мария: «Бейнелеу өнері жаныма жақын», – дейді. Ол кенепте ғана емес, ғимараттардың қабырғаларында да сурет салады. Солардың бірі – балаларды дамыту орталығының қасбетінде орналасқан «Білім» муралы. 9 да 20 метрлік алып туындыны қала тұрғындары жоғары бағалады.

Ақылбай Өсербайұлы, Алматы қаласының тұрғыны: - Осы картинаны көріп жүрмін, бірақ аса мән бергенім жоқ. Себебі қазір полотноларды компьютермен жасап шығарады ғой, солай шығар деп ойладым да, мән бергенім жоқ. Алыстан көз тартады. Көлемі қанша үлкен болса да, өте керемет, шебер салынған.

Бұл муралды салуға ауқымдылығы ғана емес, сонымен қатар ауа райының қолайсыздығы қиындық тудырған. Соған қарамастан суретшінің идеясы іске асты.

Мария Ильницкая, суретші-иллюстратор: - Иллюстрацияның негізгі идеясы – білім туралы ойлағанда көз алдымызға елестейтін көріністі сипаттау. Бұл міндетті түрде бұлтсыз, жылы, жарық күн. Үзіліске шыққан балалар асыр салып жүгіріп, қуанышқа бөленеді. Олар әртүрлі, бірақ сонымен бірге өте тату, бір-бірін құрметтейді. Бұл сурет бір кішкентай Қазақстанның бейнесі сияқты көрінеді.

Марияның арманы – Қазақстанда арт-бизнесті дамыту, жас таланттарға бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйрететін мектеп ашу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сурет #өнер #білім муралы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика