ffin.kz

Ет экспорты өсіп келеді

Ет экспорты өсіп келеді vlast.kz

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық ет экспортының көлемі 2,9 есе өсіп, 28,7 мың тоннаға жетті. Бұған Өзбекстан, Қырғызстан және БАӘ нарықтарына өнім жеткізуді қайта бағдарлаудың арқасында қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласының дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


АШМ басшысының айтуынша, сала тұрақты қарқынмен дамып келеді. 2022 жылы ІҚМ саны - 4,2 %, қой – 4,8 %, жылқы – 10,5 %, түйе - 6,5 %,  құс - 4%  өсті. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9 % ұлғайып, биылғы жылдың 5 айында өсім 3,6 %  құрады.


Министрдің айтуынша, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары мал шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын сақтауға мүмкіндік берді. Биыл СҚО тәжірибесі бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Елімізде қуаттылығы жылына 373 мың тонна сүт өндіретін 65 сүт-тауар фермасы ашылады, бұл елдің импортқа тәуелділігін 39%-дан 11% дейін төмендетуге мүмкіндік береді.



Қазір министрлік мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Біріншіден, өткізу нарығын кеңейту үшін обаға қарсы іс-шаралар кешені іске асырылуда және солтүстік-батыс өңірлерде вакцинациялаумен аусыл бойынша әл-ауқат мәртебесін қалпына келтіру бойынша ДДСҰ-мен жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелерінде аймақтандыру қағидатын өзара тану арқылы ҚХР, РФ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экспорттық нарықтарын ашу бойынша келіссөздер жүргізіліп отыр.



Бұдан бөлек, ВАК шешімімен 2023 жылғы 24 желтоқсанға дейін елден 60 мың бас бұқашық пен 120 мың бас тоқтыны әкетуге экспорттық квоталар ұзартылатын болады. Тиісті бұйрықтың жобасы жариялау сатысында тұр.


Екіншіден, мал шаруашылығының жанама өнімін, ең алдымен былғары шикізаты мен жүнді өткізуді ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл өнімнің экспортын тежеуші фактор 1 тонна үшін 200 еуро көлеміндегі экспорттық баж салығы болған еді. Қазіргі уақытта ол жойылып, ІҚМ бойынша 100 еуроға дейін төмендетілді. Сондай-ақ, инвестициялық субсидиялар қағидаларына былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды салуға және жаңғыртуға салынған инвестициялардың 25% өтеуді көздейтін жаңа паспорт енгізіледі.


Бұдан басқа, Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты, ең алдымен, геномдық талдау және математикалық модельдеу қағидаттарына негізделген жануарлардың асыл тұқымдық құндылығын бағалаудың заманауи әдістерін өндіріске енгізу бөлігінде жетілдіру қажет.


Тағы бір маңызды мәселе - жем-шөп өндірісін дамыту болып отыр. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ірі жемшөппен қамтамасыз ету 80%, шырынды жемшөппен – 60%, шоғырланған жемшөппен – 50% құрайды.



«Осы мәселені шешу үшін қабылданған 2022-2025 жылдарға арналған жемшөп өндірісі саласын дамыту жөніндегі жол картасы жергілікті жерлерде тиісті деңгейде іске асырылмай жатыр. Жергілікті атқарушы органдар ауыспалы егістегі, бірінші кезекте суармалы жерлердегі жемшөп дақылдарының үлесін кеңейту, жайылымдық алқаптардың өнімділігін арттыру, жерді жалға алу шарттары шеңберінде жер пайдаланушыларға қойылатын талаптарды қатаңдату есебінен жайылым айналымын енгізу бойынша қолда бар мүмкіндіктерді толық көлемде пайдаланбайды», - деп қосты министр.



Ербол Қарашөкеев сондай-ақ әкімдіктердің қарауында жатқан жемшөп шығындарының құнын субсидиялаудың қолданыстағы нормасы нақты тетіктердің болмауына байланысты, фермерлерді жем-шөп өндірумен айналысуға ынталандырудың орнына, олардың бойында тәуелді көңіл-күй туғызатынын атап өтті.


Министрлікте мал шаруашылығының жемшөп базасы проблемасын шешу үшін оған қосымша шараларды енгізе отырып, жемшөп өндірісін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын кеңейту бойынша жұмыс басталды.


Бұдан бөлек, субсидиялаудың жаңа қағидаларының жобасында ғылыми ұсынымдар негізінде жемшөп шығындарының құнын субсидиялау нормалары нақтыланды, деп қорытындылады АШМ басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02