Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Ескі мамандармен жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?"...

"Ескі мамандармен жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?": Президент жұрт көкейіндегі сауалға жауап берді

Әлеумет 17.02.2022, 15:09 1,192
"Ескі мамандармен жаңа Қазақстанды қалай құрамыз?": Президент жұрт көкейіндегі сауалға жауап берді
almaty-akshamy.kz

Кез келген адам бірден министр немесе әкім бола салмайды. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Негізі, кадр мәселесі өте күрделі әрі аса маңызды. Расында, көп нәрсе білікті кадрларға байланысты. Менің бастамам бойынша Президенттік жастар кадрлық резерві құрылды. Кадрлық резервке өткен азаматтар біртіндеп жауапты қызметке тағайындалып жатыр. Әрине, мұнымен шектелуге болмайды. Басқа да адамдарға жол ашуымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.



ҚР Президенті мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап өте жоғары болуға тиістігін баса айтты.



«Кез келген адам бірден министр немесе әкім бола салмайды. Ол анық нәрсе. Біраз уақыт, мол тәжірибе керек. Ондай лауазымға білімді, білікті, қызметіне адал азаматтарды тағайындаған жөн. Бұрынғы мамандардың бәрін жұмыстан шығару дұрыс болмас еді. Орысша «политическая чистка», яғни «саяси тазалауға» барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік басқару саласына бірте-бірте жаңа мамандар келеді. Келіп те жатыр. Бұл – қалыпты үдеріс. Бірақ, бір нәрсені есте ұстаған жөн. Мемлекеттік қызмет – эксперимент алаңы емес! Сондықтан бұл жұмысты бірте-бірте жүргіземіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Кадрлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50

Қазақстанның 5 өңіріне су тасқыны қаупі төнді

Бүгін 17:43

Депутат Нартай Сәрсенғалиев жаңа Конституция жобасына қатысты үндеу жасады

Бүгін 17:37

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

Бүгін 17:32

Қазақстандықтар шетелде басқа учаскелерде дауыс бере алады

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика