AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ескегіңді берші маған...

Ескегіңді берші маған...

Спорт 28.03.2024, 08:05 1,403
Ескегіңді берші маған...
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі





Ескек есуден лицензиялық Азия чемпионатына 13 қазақстандық барады


18-21 сәуір аралығында Жапония астанасы Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.









Назарларыңызға ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының спортшыларын ұсынамыз: Бекарыс Раматулла, Андрей Ергучёв, Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва, Сергей Токарницкий, Татьяна Токарницкая, Тимур Хайдаров, Руфина Искакова, Ирина Подойникова, Ульяна Киселёва, Виктор Степанов, Артём Терещенко;


Ұлттық құраманың бапкерлер құрамы: Қайсар Нұрмағанбетов (бас бапкер), Сергей Тиунов, Александр Акунишников, Владимир Петров, Михаил Емельянов (аға жаттықтырушы);



«Наурыздың 18-іне Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша Ұлттық құраманы жасақтап, Азия чемпионатына баратын спортшылар тізімін бекіттік. Сол кезде 1000 метрде Андрей Ергучёв пен 500 метрде Татьяна Токарницкая жақсы нәтиже көрсетіп, құрамаға қосылды. Қазір Ташкентте оқу-жаттығу жиынының соңғы кезеңі өтіп жатыр. Биылғы лицензиялық жарыста барлығы 14 бағдарлама десек, оның 8-і олимпиадалық. Жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаровтың тәжірибесі көп. Бұл сайыста тек чемпион атанған ел ғана Париждегі ойындарға барады. Жалпы бапкерлер Ұлттық құрамаға алынған барлық спортшыға бірдей сенім артады. Жоспарымызды жүзеге асыруға барлық жағдай бар»,-деді Қайсар Нұрмағанбетов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.



Айта кетейік, Азия чемпионатында жекелей сында финалда алтын және күміс медаль алған спортшылар Олимпиада лицензиясына ие болса, жұптық сайыста тек жеңімпаздарға жолдама бұйырады.


Еске сала кетейік, былтырғы Азия чемпионаты Таиландта өтіп, онда 28 бағдарламада жүлде жиынтығы сарапқа салынған.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Байдарка #Каноэ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жас өрен»: Астанада жас күйшілер қазақтың белгілі күйлерін орындады

Бүгін 16:05

Алматыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Шығыс Қазақстаннан жеткізілген 150 тоннадан астам өнім ұсынылады

Бүгін 16:03

Тәуелсіздікке – 35 жыл: Ақмола облысында мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін 15:41

Спорттық Алматы: қолжетімді жаттығулар, жаңа нысандар және халықаралық жеңістер

Бүгін 15:14

Алматының Жетісу ауданында 0,2 гектар бос жатқан аумақ көркейтіліп, демалыс және спорт алаңы ашылды

Бүгін 15:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);