Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Есірткіге қатысты жазалар өзгереді

Есірткіге қатысты жазалар өзгереді

Әлеумет 24.12.2024, 16:25 1,313
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Сурет: Polisia.kz

19 желтоқсан күні сенат депутаттары есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Бұл өзгерістер наркобизнес құрылымындағы қарапайым курьерлер мен ұйымдастырушыларға қатысты жазаны айқындауды көздейді: курьерлерге жаза жеңілдетілсе, ұйымдастырушыларға қатаңдатылады.

Осы уақытқа дейін наркорынок ойыншылары арасында нақты айырмашылық жасалмаған. Соттар шағын көлемде есірткі таратқан курьерлер мен ірі нарколабораторияларды басқаратын қылмыстық топ жетекшілеріне бірдей қатаң жаза тағайындап келген. Мұндай тәсіл заң жүйесінің әділдігіне қатысты сұрақтар туындатқан еді.

Енді заңнамаға енгізілген түзетулер аясында ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабына өзгерістер енгізіледі:

  • Есірткі тасымалдау, сақтау немесе жіберу үшін бұрынғыдай 10 жыл емес, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
  • Ірі көлемде есірткі таратқаны үшін бұрын 15 жыл жаза берілсе, енді бұл мерзім 12 жылға дейін қысқарады.

Жаза жеңілдегенімен, енді барлық жағдайда қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу енгізіледі. Бұрын сотта мүліктің қылмыстық жолмен табылғаны дәлелденген жағдайда ғана тәркілеу жүзеге асырылса, енді бұл талап автоматты түрде орындалады.

Полиция қызметкерлеріне бұл өзгерістер тергеу амалдарына қосымша жүктеме түсіруі мүмкін. Енді мүлікті тәркілеу және әрбір істі жаңа ережелерге сәйкес келтіру үшін нақты дәлелдемелер жинау қажет. Бұл процесс қылмыстық істердің сапалы қаралуын талап етеді.

Жазаны жеңілдету бір жағынан заң жүйесін әділетті етуге қадам болса, екінші жағынан мүлікті тәркілеу тәрізді қосымша шаралар арқылы есірткі бизнесіне тосқауыл қоюды көздейді. Бұл өзгерістер сот жүйесіне ғана емес, құқық қорғау органдарына да жаңа міндеттер жүктеп отыр. Енді осы реформалардың нақты нәтижесін уақыт көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #Жаза #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Түркияға барады

Бүгін 09:01

Бүгін қай өңірлерге ауа райына байланысты ескерту жасалды?

Бүгін 08:35

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Кеше 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Кеше 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Кеше 18:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика