AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Есірткі іздеп жүр". Желіде Ерболат Құдайбергеннің...

"Есірткі іздеп жүр". Желіде Ерболат Құдайбергеннің ұсталған видеосы тарады

Мәдениет 11.02.2026, 11:37 828 Дина
"Есірткі іздеп жүр". Желіде Ерболат Құдайбергеннің ұсталған видеосы тарады
сурет: видео кадры

Әлеуметтік желіде әнші Ерболат Құдайбергенді полиция қызметкерлері ұстап алып, наркологиялық бөлімге жеткізген видеосы тарады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі 100baksoff-қа сілтеме жасап. 

Желіде тараған видеода ер адамның ағаштар арасынан бірдеңе іздеп жүргені, сондай-ақ бейәдеп сөздер айтқаны байқалады. Жазба авторлары бұл видеодағы адамды Ерболат Құдайберген деп көрсеткен.

Осы жағдайға байланысты Aqshamnews.kz редакциясы Ерболат Құдайбергеннің менеджерімен байланысқа шықты. Менеджері Айдана Ахметбектің айтуынша, желіде тараған видео мен ондағы айыптаулар шындыққа жанаспайды. Оның сөзінше, видеодағы адам – Ерболат Құдайберген емес, ал тараған ақпарат жалған.

"Бұл - жалған ақпарат. Видеоны көрдік, жаңа ғана ол кісінің ата-анасына хабарластым. Олардың айтуынша, ол Алматыда, ал бұл - жалған ақпарат. Негізі ол кісіні көрмегеніме 1 апта болды. Кейінгі рет көріскенде бәрі жақсы болған. Видеоны көрдім, оған ұқсамайды. Жалған ақпартты таратқандарға шара қолданамыз", - деді ол.

Редакция полицияға ресми сауал жолданды. Ақпарат редакция бақылауында болады.

Ерболат Құдайберген – қазақстандық эстрада әншісі. Ол тыңдарманға патриоттық әрі лирикалық бағыттағы әндерімен танылған. Әншінің танымал туындыларының қатарында «Мен қазақпын» атты әні де бар.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ерболат құдайберген
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Бүгін 19:27

Педагогтердің біліктілігін жүйелі арттыру және жасанды интеллект құзыреттерін дамыту

Бүгін 19:25

Жасанды интеллект педагогті қолдайтын құралы ретінде

Бүгін 19:21

Білім беруде жасанды интеллектті қолданудың бірыңғай стандарттарын енгізу

Бүгін 19:19

Шағын жинақты ауыл мектептеріне ерекше назар

Бүгін 19:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);