AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңісті...

Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды

Өмір-өзен 19.07.2022, 08:24 2,053
Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды
Сурет: Almaty.tv

Инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау қажет.


Алматыда 19 шілдеде Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарын қорытындылауға байланысты баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Есентай өзенінің жағалауында су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жаңа форматтағы қоғамдық кеңістік құру бойынша жұмыстар аяқталуға жақын, ұзындығы 4,2 жаяу жүргіншілер жолы жасалды (1 км ағаштан жасалған жаяу жүргіншілер жолы және 3,2 км тас жол), өзеннің жағалауы бекітілді.



«Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған болатын. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр», – деді баспасөз-туры барысында Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім жетекшісі Мұрат Жексенбаев.



Сондай-ақ абаттандыру жұмыстары аясында ұзындығы 1,3 км-лік ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары (4,2 км) орнатылды. 600-дей қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, 3500-ден астам бұта және шамамен 700 ш.м көпжылдық және 100 ш.м біржылдық өсімдіктер отырғызылды. 339 жарық шам, 8 ойын алаңы мен спорт алаңы, 4 табиғатты тамашалау  алаңы мен пандустар, 4 пергола, 2 модульдік дәретхана, су жағасына 10 орындық, 130 қоқыс жәшігі және жағалау бойына 70 орындық қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Есентай #табиғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);