AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры...

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Ресми бөлім 31.08.2026, 17:00 300
Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды
Ақорда

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ержан Байтілес туралы

Ержан Айтөреұлы Байтілес 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қарымды қаламгер «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Egemen Qazaqstan» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілші қызметін атқарып, журналистиканың барлық сатысынан өтті.

Жұмыс тәжірибесі

2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды. Кейін республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеген.

2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары болды.

2019 жылы Президенттің баспасөз қызметі секторының меңгерушісі, 2021 жылдан 2023 жылға дейін Мемлекеттік кеңесші Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2023 жылдан ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Алдыңғы басшы

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақ газеттері» ЖШС-ін профессор, ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы 2022 жылдан бері басқарып келді.

Оқи отырыңыз: Атыраулық 12 жас 12 миллион грант ұтып алды

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Кеше 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кеше 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Кеше 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Кеше 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);