Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / "Ертеңді ойламай" өмір сүру дұрыс па?

"Ертеңді ойламай" өмір сүру дұрыс па?

Керек кеңес 04.09.2025, 16:32 526
"Ертеңді ойламай" өмір сүру дұрыс па?
Сурет: Rsv.ru

Қазіргі заманның ең үлкен мәселелерінің бірі – адамдардың үнемі қарбаласта жүруі. Уақыты жетпей, бәріне үлгергісі келіп, өзін дамытамын деп жүріп, өмірді «жарысқа» айналдырып алғандай. Дегенмен, барлығына үлгеріп, отбасына да, жұмысына да көңіл бөліп, өзіне де уақыт таба отырып, өмірін мәнді етіп сүріп жатқандар да бар.

Осы жерде бір шатасу бар сияқты: өмірді барынша сүру мен бәріне үлгеру – екеуі бір нәрсе емес. Aqshamnews.kz тілшісі осы сұрақ төңірегінде психолог маманның пікірін білді.

«Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» психологы Жеңіскүл Хабаева былай дейді:

– Өмірді толыққанды сүру – ең алдымен өз сезімдерін, құндылықтарын, артықшылықтары мен әлсіз тұстарын қабылдай білу. Әр адам «Мен кіммін?», «Мен не үшін өмір сүремін?» деген сұрақтарға жауап табуы тиіс.

Бұл - күйзелісті басқару, өткенге байланып қалмай, қазіргі уақытты бағалау, болашаққа мақсат қоюды білдіреді. Психолог Виктор Франкл айтқандай: адамды толыққанды ететін нәрсе – өмірдің мағынасы. Яғни, адамдар өмірдің мәнін іздеп, өзін дамыту жолында жетістікке жетіп, барынша толыққанды боламын деп жүріп-ақ, 

Ал психолог Жеңіскүл Хабаева өмірді толыққанды сүруді «тепе-теңдікті сақтау» деп түсіндіреді. Оның айтуынша:

         •        Адам өзін тануы үшін өткен өмірін кәсіби маманға айтып, ішкі әлемін түсініп алуы керек.

         •        Өзін бақылау үшін күнделікті аз уақытқа телефонды өшіріп, тыныштықта болуға дағдыланған жөн. Бұл ішкі күйзелісті азайтып, сабыр береді. Сәл ойлануға, жан-жағын бағамдауға мүмкіндік береді. 

         •        Өмірді тек «максималды» сүремін деп жүгіре беру күндердің бір күні қажытып, күйзеліс пен депрессияға әкелуі мүмкін.

         •        Сондықтан жоспар жасау маңызды: бір аптаға жоспар құрғанда өзіңе арнап уақыт белгілеу (мысалы, музыка терапиясы) – психикалық тұрғыдан өмір сапасын арттырады.

         •        Күн тәртібі мен өз-өзіне алғыс айту да жақсы көмек береді.

 

Психологтар «Осы сәтте өмір сүрудің» көлеңкелі тұстары барын да еске салады.

Жеке даму курстары жиі айтатын «қазір және осы жерде өмір сүру» қағидасы бір қарағанда жақсы сияқты. Бірақ оның да кемшіліктері бар.

Қаржылай тұрақсыздық

         •        Жинақтың болмауы: күтпеген жағдайда (ауру, жөндеу, көшу) қиындық туғызады.

         •        Ұзақ мерзімді мақсаттарға жете алмау: жоспарсыз өмір ірі жобаларды іске асыруға кедергі.

 

Денсаулық пен амандық

         •        Болашақты ескермеу: спорт, дұрыс тамақтану секілді әдеттерге мән берілмейді.

         •        Қайта-қайта шаршау: сәттік ләззат қуалау ақырында эмоционалды күйіп кетуге әкеледі.

 

Мүмкіндіктерден айырылу

         •        Білім алу, жаңа дағдылар үйрену кейінге қалады.

         •        Мансапта өсуге кедергі жасайды, перспективалы жобалардан айырылуға болады.

 

 Қорыта келе, өмірді толыққанды сүру деген – барынша «жүгіріп үлгеру» емес. Ол тепе-теңдікті сақтау, өзіңді қабылдау, болашаққа жоспар құру және қазіргі сәттің қадірін білу. Яғни, өмірді жарыс емес, сапар ретінде қабылдау. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#толыққанды өмір сүру #психолог #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45

“Наурыз қазақтың мейрамы емес”. Полиция діни алауыздық тудырған ер адамға қылмыстық іс қозғады

Бүгін 16:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика