AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ертең Трамптың ісі бойынша алғашқы сот процесі өте...

Ертең Трамптың ісі бойынша алғашқы сот процесі өтеді

Әлем 13.06.2023, 04:55 1,182 Almaty-akshamy.kz. 
Ертең Трамптың ісі бойынша алғашқы сот процесі өтеді
Сурет: ашық дереккөз

Оған құпия құжаттарды заңсыз сақтады және таратты деп айып тағылып, 37 қылмыстық іс қозғалды.


Бүгін Дональд Трамп Флорида қаласына жеке ұшағымен келіп қонды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ол ертең сот отырына қатысып, өзіне тағылған айыптарды тыңдайды. АҚШ-тың бұрынғы президенті мен көмекшісіне ауыр айыптар тағып отыр. Оның ішінде жалған куәлік ету, қылмыстық ымыра жасап, құпия материалдарды тиісті деңгейде сақтамады және жасырды делінген.


Федералды тергеу бюросы былтыр тамызда Трамптың үйін тінтіп, «аса құпия» мөрі бар ондаған құжатты тәркілеген еді, деп жазады 24.kz. Оның бір бөлігі тіпті үй қоймасынан табылды. Қылмыстық істердің әр тармағы бойынша экс президентке қомақты айыппұл салынып, тіпті бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



 - Ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәліметтерді қорғайтын заңдарымыз АҚШ үшін өте маңызды және бұлжытпай орындалуы тиіс. Бұл заңдардың бұзылуы біздің елімізді қауіп-қатерге ұшыратады. Заң үстемдігін сақтау Әділет департаментінің негізгі ұстанымы. Сондықтан бұл елде заң талаптары барлығына ортақ, - дейді құпия құжаттар бойынша арнайы кеңесші Джек Смит. 



Айыптау актісінің ең негізгі бөлігін АҚШ-тың ядролық қару бағдарламасы мен оның одақтастарының осал тұстары туралы деректер құрайды. Шабуыл жасалған жағдайда, АҚШ-тың қарымта соққысы қаралған құпия құжаттар да Траптың үйінен табылған.



«Бұл деректер қолды болса, халықаралық қатынастарға, АҚШ-тың әскери нысандары мен тыңшыларының қауіпсіздігіне, сондай-ақ құпия барлау тәсілдерін одан әрі пайдалануға қауіп төндіруі мүмкін», - делінген хабарламада.



Ал Трамп осындай аса құпия құжаттардың кейбірін көруге құқы жоқ адамдарға ашқан.



«Осылайша экс президент ұлтқа үлкен қатер төндіріп, тыңшылық туралы заң талабын бұзды», - дейді прокурорлар.



Әрине, Дональд Трапм өзіне тағылған айыптарды мойындамады. 2024 жылы өтетін сайлауға түсуіме кедергі жасамақшы деп сынады. 



- Шынымды айтсам бұл құжаттардың қаншалықты құпия болғанын көріп шошыдым. Егер айыптау актісінің жартысы шындыққа жанасса, онда экс президент үлкен проблемаға тап болды деген сөз. Яғни бұл - бұлтартпас айыптау. Ал Трамптың өзін саяси ойынның құрбаны ретінде көрсетуге тырысуы ақымақтық, дейді АҚШ-тың бұрынғы бас прокуроры Уильям Барр.



АҚШ-тың 45-ші президенті 2021 жылы Ақ үйді босатқан кезде құпия құжаттарды тиісті жерге тапсырмаған. Үкімет қанша сұрау салса да оны қайтарудан бас тарқан, тіпті оларды бір үйінен екіншісіне көшіріп, Федералды тергеу бюросынан жасыруға тырысқан. Бұны дәлелдейтін видео және аудио жазбалар, куәгерлердің түсініктемелері бар дейді тергеушілер. АҚШ тарихында алғаш рет экс президенттің үстінен федералдық деңгейде қылмыстық іс қозғалып отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлем #Трамп #іс #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);