конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ертең Қостанай жылқыларының республикалық бәйгесі...

Ертең Қостанай жылқыларының республикалық бәйгесі өтеді

Спорт 24.05.2024, 20:29 964 yakiya
Ертең Қостанай жылқыларының республикалық бәйгесі өтеді
интернет

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 19 млн теңге.

Қостанай облысының Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай жылқылары арасында осы жылдағы алғашқы ауқымды республикалық бәйге өтеді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

Қостанай жылқыларының бәйгесі 2022 жылдан бастап үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. 2022 жылы Қостанай жылқыларының бәйгесіне 40-қа жуық сәйгүлік қатысқан болса, биыл 50-ге жуық жылқы шабады деп жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін Қостанай жылқылары арасында тағы 4 ат жарысы өтеді.

Былтыр Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен Сенат депутаттары Қостанай жылқы тұқымын сақтау және өсімін көбейту туралы заң қабылдау бастамасын көтеріп, оны Парламент Мәжілісі мақұлдады.

Жарыс 5 қашықтық бойынша өтеді: Ұшқыр бәйге 1 мың метрге (жүлде қоры – 3 млн теңге), Ұшқыр бәйге 1 800 метрге (жүлде қоры – 3 млн теңге), Ұшқыр бәйге 2 мың метрге (жүлде қоры – 3 млн теңге), Құнан бәйге 5 мың метрге (жүлде қоры – 4 млн теңге), Аламан бәйге – басты қашықтық 18 мың метрге (жүлде қоры – 6 млн теңге).

Жарыстың жалпы жүлде қоры – 19 млн теңге жеңімпаздар арасында бөлінеді (I, II, III орындар).

Айта кетсек, Қостанай жылқысы – ұлттық ат спорты түрлерін дамыту үшін кеңінен қолданылатын жалғыз спорттық бағыттағы қазақтың асыл тұқымды жылқысы.

Ат жарысы Ұлттық спорт қауымдастығының, Туризм және спорт министрлігінің, Қостанай облысы әкімдігінің, Бәйге республикалық федерациясының және Qazaq Jockey Club қолдауымен өтеді. Іс-шараның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры.

Мекен-жайы: Қостанай облысы, Заречное селосы, «Арғымақ» ипподромы.

Өтетін күні: 25 мамыр 2024 жыл

Басталуы: сағат 11:00-де.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жарыс #Қостанай #Бәйге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35

Білім – болашақтың берік іргетасы: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы даму жолына тың серпін береді

Бүгін 16:29

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Бүгін 16:17

Наурызбай ауданында су басу фактілері тіркелген жоқ, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмеді

Бүгін 15:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);