конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады

Білім және ғылым 06.08.2026, 16:15 466
Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

Министрдің айтуынша, республикалық комиссия мемлекеттік білім беру гранттарын бөлуді аяқтады. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, білім беру саласының кәсіподақтарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ЖОО-лар қауымдастығының өкілдері кірді.

«Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш келді. Талапкерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыттары ең үлкен сұранысқа ие болды», – деп хабарлады Саясат Нұрбек.

Министр, сонымен қатар, биыл болашақ аудармашыларды, дипломаттарды, заңгерлерді, психологтарды және педагогтерді даярлайтын білім беру бағдарламаларында конкурс жоғары болатынын атап өтті.

Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімдері 7 тамызда сағат 15:00-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ ведомство басшысының әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте инфляция динамикасы және бағаның өсуіне жол бермеу шаралары талқыланды

Бүгін 09:34

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 09:03

Өткен тәулікте Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 061 дерегі анықталды

Бүгін 08:34

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Кеше 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Кеше 18:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);