Бірқатар өңірде аптап ыстық пен өрт қаупі бар.
Синоптиктер Қазақстандағы 2023 жылғы 7 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды – ел аумағында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады деп болжанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанды, соған байланысты найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
"Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста бұршақ, батыста шаңды дауыл болжанды", – делінген хабарламада.
Павлодар, Абай, Шығыс-Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында өте қатты ыстық күтіледі
Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады, Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық болжанады.
Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.