Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ертең барлық мектепте аттестат тапсыру рәсімі өтед...

Ертең барлық мектепте аттестат тапсыру рәсімі өтеді

Білім және ғылым 15.06.2022, 15:30 1,934
Ертең барлық мектепте аттестат тапсыру рәсімі өтеді
Cурет: Ашық дереккөз

Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін барлық өткізілетін іс шаралар мектеп ауласында өтеді


16 маусым күні облыстағы барлық білім беру ұйымдарында аттестат тапсыру рәсімі өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осыған байланысты мектеп бітіру кешін мейрамханаларда немесе ойын-сауықтық орталықтарда өткізуге қатаң тыйым салынады. Тиісінше, мектеп бітіру кеші білім ордаларының ауласында қарапайым түрде ұйымдастырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулетәлиев мәлімдеді.


Өңірде негізгі орта білім туралы аттестатты алатын, яғни 9 сыныпты бітірушілер саны – 14 543 құраса, оның 1 765-і «Үздік аттестат» иегері. Ал 11 сыныпты бітіруші түлектер саны – 7506 оқушы. Оның 415-і «Алтын белгіге» үміткер болса, 804 оқушы «Үздік аттестат» иегері.



«Мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін барлық өткізілетін іс шаралар мектеп ауласында өтеді. Бұл шараға барлық оқушылар мектеп формасымен қатысуға міндетті. Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің табиғат аясына немесе су айдындарына баруына болмайтынын ескертеміз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медицина қызметкерлері, өрт сөндіру мамандары және ішкі істер органдары жұмылдырылды. Адамдар көп шоғырланатын демалыс орындары мен ойын-сауық орталықтарына мектеп әкімшілігінен құралған кезекшілік топ рейд жұмыстарын жүргізеді. Тағы бір ескертетін жәйт, ата-аналар тарапынан ақша немесе сыйлықтар берілуіне тыйым салынады», - деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұрлан Дәулетәлиев.



Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында әрбір білім беру ордаларында 2 полиция департаментінің қызметкері бекітілген. Олар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.



«Ертеңгі болатын аттестат тапсыру рәсімі кезінде қауіпсіздікті барынша сақтауға полиция департаментінің қызметкерлері дайын. Қала ішінде көліктермен автошеру өткізуге болмайтынын ескертеміз. Әсіресе таңды қарсы алу үшін су жағалауларына баруға болмайды. Егер де ескертуге қарамастан құқық бұзушылық орын алған жағдайда мектеп бітіруші түлектердің заңды өкілдеріне әкімшілік шара қаралады», - деді облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметi басқармасы бастығының орынбасары Бақыт Молдабеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Аттестат #түлек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Кетсем кетермін, не болыпты?". Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын айтты

Бүгін 14:34

Ұлытау облысының тұрғындары конституциялық реформаны және алдағы референдумды қолдады

Бүгін 14:07

Алматыда 15 наурызда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Бүгін 14:02

Астананың ортасында шетелдіктер дәрет сындырған: полиция не дейді?

Бүгін 12:29

Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді

Бүгін 12:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі