AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ермек Қожамсүгіров, физик, ядролық маман: АЭС салу...

Ермек Қожамсүгіров, физик, ядролық маман: АЭС салу — даму жолындағы қажетті қадам

АЭС: Референдум 30.09.2024, 11:10 929 Bakyt
Ермек Қожамсүгіров, физик, ядролық маман: АЭС салу — даму жолындағы қажетті қадам
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдум жақындап келе жатқанда, бұл тақырып қоғамда қызу талқыға түсуде. Әртүрлі пікірлер бар, кейбіреулер АЭС-тің қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Бірақ мен айтарым, атом энергетикасы біз үшін даму жолындағы аса маңызды қадам.

Қауіпсіздік мәселесі
Қоғамда орын алған Чернобыль мен Фукусима сияқты оқиғалардан кейін атом энергетикасына деген сенімнің төмен екені түсінікті. Бірақ қазіргі заманғы III және III+ буын реакторлары бұрынғы реакторларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Олар белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған, бұл жүйелер кез келген жағдайға дербес жауап бере алады. Осылайша, ауыр апаттың ықтималдығы іс жүзінде нөлге тең. Қазіргі таңда әлем бойынша ауыр апаттың болуының ықтималдығы 10 миллион жыл ішінде бір оқиғадан аспайды деп бағалануда.

Көмір ЖЭО-лары мен экология
Көп адам атом электр станциясының қауіпсіз еместігін айтады, бірақ олар көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО-лардың қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді. Көмір жағу кезінде жыл сайын 40-60 миллион тонна улы күл қалдырады, оның құрамында уран, стронций, радий, мышьяк сияқты қауіпті элементтер бар. Егер экологиялық талаптарды қатаң орындап, шығарындыларды тазарту және золоотвалдарды қалпына келтіру жұмыстарын жасасақ, бір киловатт электр энергиясының құны атом станциясынан қымбатқа түседі.

Атом энергетикасы — болашаққа қадам
Атом энергетикасынсыз еліміз алға жылжи алмайды. Технология дамып, жаңа заман талаптарына сай өзгерістер жасау керек. Паровоздардан тепловоздарға көшу сияқты, қазір де біз экологиялық таза және тиімді энергия көздеріне көшуіміз қажет. Атом энергетикасы — тұрақты энергия көзі, ол күн райына немесе басқа факторларға тәуелсіз, үзіліссіз электр энергиясын өндіреді. Бұл еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды қадам.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту арқылы біз экологиялық жағдайды жақсартуға, энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз етуге және болашақ ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға үлкен қадам жасаймыз. Халықтың қолдауы — еліміз үшін маңызды. Келешек үшін дұрыс шешім қабылдайық! 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АтомЭнергиясы #энергетика #БолашақҮшін
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);